Қонақжайлылық саласындағы қауіпсіздік: тәжірибе арқылы оқыту
2026 жылғы 15 қазанда рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы С.А. Моминов «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің 3-курс студенттері үшін «Bauyrdaq» қоғамдық тамақтану орнында аудиториядан тыс сабақ ұйымдастырды.
Сабақ «Қонақжайлылық индустриясындағы қауіпсіздік менеджменті» пәні аясында өткізіліп, қоғамдық тамақтану кәсіпорнының күнделікті қызметіндегі қауіпсіздік мәселелерін зерделеуге бағытталды. Қызмет көрсетуді ұйымдастыруға, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауға, қонақтар мен қызметкерлер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Сабақ барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстырып, қауіпсіздіктің мейрамханадағы қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етудегі маңызын қарастырды.
Басқа жаңалықтар