«Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

3 september, 2010

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 750-ден астам «Алтын белгі» иегері, халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың 150-ден астам жеңімпазы, 3000-нан астам мемлекеттік грант иегері оқуға қабылданды. Бұл – еліміздегі жоғары оқу орындары үшін рекордты көрсеткіш.

Ұлттық университет тарихына қатысты бұл жетістік Білім күні ректор, академик Бақытжан Жұмағұловтың «Университет - әлемдік инновациялық үдерісте» атты бас дәрісі барысында жария етілді. Оны тыңдау үшін Студенттер сарайына 2000-ға жуық тыңдарман жиналды. Ректор бірінші курсқа қабылданған талапты жастарды «элиталы гвардия» деп атап, оларға: «Қазақстанды 2030-ға жеткізетін, сол дамыған қоғамды бәсекеге қабілетті ететін - сіздер”, - деп зор сенім білдірді. Жаңа оқу жылының алғашқы күні қарашаңырақтың әр факультетінде қоғам қайраткерлері дәріс оқыды. Олардың қатарында “Экомед” медицина орталығының директоры Салтанат Байқошқарова, Қазақстан география институтының институтының директоры Ахметқали Медеуов, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, академик Карл Байпақов, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Халықаралық экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Айқымбеков, “Айқын” газетінің редакторы Нұртөре Жүсіп, Алматы қаласы қаржы полициясы департаментінің басшысы Мақсат Дүйсенов, “Қазақстан халық банкі” басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова, KASE Биржалық кеңесінің төрайымы Айгүл Тасболат, Экономика институтының директоры Оразалы Сәбден және тағы басқалар бар.

Саягүл ӘЛІМБЕК

Other news

22 november, 2024
22 november, 2024
21 november, 2024