«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

4 september, 2010

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Индустриялдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы негізінде әзірленген 2010-2014 жылдарға арналған Ғылым, инновация және технологиялық модернизация жобасын талқылауға арналған Республикалық ғылыми семинар өтті,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Семинарды өткізуде басты мақсат 2010-2014 жылдары Ғылым, инновация және технологиялық модернизациялау бағдарламасы жобасын талқылау», дейді ҚазҰУ-дың ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің директоры В. Могильный.Семинар жұмысына еліміздің әйгілі академиктері, университет ректорлары, факультет декандары, ғылыми-зерттеу инстиуттарының директорлары қатысып, бағдарлама туралы өз ойларын ортаға салды. Шараға қатысушылардың айтуынша, бағдарлама 2014 жылға дейін басым салалардағы технологиялардың трансферттік жүйесі мен модернизациялау міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ технологиялық көшбасшылық тұрғысында таяу болашақтағы білім мен ілімді шоғарыландыру жүйесін негіздеуге бағытталған. Оның жүзеге асуы нәтижесінде ҚР өндірілетін жалпы өнім көлемінен инновациялық сипаттағы өнімдері мен қызметтер 10 пайызға, 2014 жылы инновациялық жобаларды қаржыландыру 50 пайызға, Қазақстанға тартылатын шетелдік озық технологиялар саны 2014 жылы 25 пайызға артады.

Other news

22 november, 2024
22 november, 2024
21 november, 2024