Ұлағатты ұстаз, ойшыл

29 september, 2010

Аса көрнекті философ, ғалым, ұстаз Рахматуллин Қасым Халиуллаұлының өмірі мен шығармашылық қызметі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да философия және саясаттану факультетінің қалыптасып дамуымен тығыз байланысты. Қасым Халиуллаұлы 1971 жылы факультет құрылымына жаңа өзгерістер ендіруге мұрындық бола отырып, факультет құрылымына өзерістер енгізу үшін университет басшылығына ұсыныс жасай отырып, факультетті басқарудың тиімді әдістерін ұсынды. Қасым Халиуллаұлы кафедраның сан-салалы жұмысын уақыт талаптарына сай, заманауи тұрғыдан дамытқан, өзіне дейінгі дәстүрді сақтап, өзін жетілдіре білген ғалым ретінде көрсете білді. Рахматуллиннің басшылығымен филоософия факультетінде диалектикалық логиканың, жаратылыстанудың философиялық мәселелері және арнайы курстардың жүйесі дайындалып, бағдарламалары жасалды.

Рахматуллин Қасым Халиуллаұлының жетекшілігімен кафедра ұжымы философияны оқытудың жаңа әдістерінің логикалық құрылымын жасап, республикамен қатар, бұрынғы одақ көлемінде белгілі болды. Жаратылыстану факультеттерінде философияны жоғары кәсіби деңгейде оқытуды қамтамасыз ету үшін Рахматуллин Қасым Халиуллаұлының жетекшілігімен жаратылыстанушылар үшін философияның жалпы теориялық және әдістемелік қызметін жан-жақты, толыққанды ашатын түрлі әдістемелік құралдар дайындалып жарық көрді.

Рахматуллин Қасым Халиуллаұлының ғылыми жұмыстарына қызығушылық танытқан ММУ-нің философия кафедрасы жаратылыстанудың философиялық мәселелеріне қатысты пікірталастарға жиі шақырып тұратын.

Маркстік-лениндік философияның ойлауды және ізденісті тар шеңберде ұстауынан бас тартқан Рахматуллин Қасым Халиуллаұлы ғалам және оның құрылымын зерттеуге ұмтылды. Аспан денелерінің, жұлдыздар мен планеталардың космостық материяның басқа да формаларының құрылымы, қозғалысы және де дамуын философиялық тұрғыдан пайымдап, космонавтиканың философиялық негіздері мен өлшемдерін пайымдап берді.

Сондай-ақ, астрономия және космонавтика, космологияға байланысты жазған ғылыми мақалалары Америка құрама штаттарының ұлттық аэроғарыштық бірлестігінің (HACA) аспан әлемі мен ғарыш саласына қатысты дүниежүзілік мақалалар көрсеткішінің санатына қосылған. Бұл да ғалымның ғылыми еңбегіне әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан берілген жоғары баға деп білеміз. Қ.Х.Рахматуллиннің осы салада атқарған еңбектері жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздері мен астарларын ұғынуға және білім интеграциясының күрделі үдерісінің қыр-сырын танып білуге жол ашты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Other news

25 november, 2024
25 november, 2024
25 november, 2024