«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет

12 october, 2010

«Ел ертеңі – білімділігі мен белсенділігі қатар қалыптасқан жастардың қолында» деген сөз тіркесін жиі айтамыз. Елбасы да бүгінгі өскелең ұрпаққа үміт артатынын тілге тиек етуден жалыққан емес. Олай болса, жастарға жөн сілтеп, тәлімді тәрбие беру аға ұрпақтың басты міндеті болуы тиіс. Осы орайда жырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен және қалалық Жастар саясаты басқармасы мен университет ұжымының қамқорлық қолдауымен «Жастар көзқарасы» атты кең тақырыпта қаузаған форум өтті.

Жастар басқосуының негізгі мақсаты – бүгінгі жас буын өкілдерін мазалап отырған маңызды мәселелерді көпшіліктің талқысына салу. Оң шешім іздеу. Сонымен бірге жастар қоғамдық ұйымдарының ортасында тығыз байланыс орнатуға дәнекер болу, арада пікірталас алаңын ұйымдастыру. Форумға жиналғандар осындай көздеегн жоспарларына әбден жетті деуге болады.

Форум шеңберінде «Астана Групп» компаниясынң жетекшісі, белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов, «Атамекен Холдинг» қаржы-өндірістік тобы директорлар кеңесінің төрағасы Ұзақбай Айтжанов, Мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықов, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев сынды аға буын азаматтар студенттерге дәрістер оқып, заман ағымының тоқтаусыз дамуының алғышарттарымен, озық технология үрдістерінің ерекшеліктерінен жан-жақты мағлұмат берді. Арнайы ұйымдастырылған түрлі бағыттағы тақырыптарда студенттер баяндамалар жасады. Ең үздік баяндамалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жастар басқосуы барысында студенттерге түскі ас уақытында арнайы дастархан жайылды. Форум соңы өнер шеберлерінің концертіне ұласты.

Берік Сәдуақас

Other news

22 november, 2024
22 november, 2024
21 november, 2024