Алашының азаттығын аңсағанFarabi University
Референдум 15 марта

Алашының азаттығын аңсаған

24 may, 2021

08.04.2021. «Алашының азаттығын аңсаған». Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған кураторлық ашық сабақты топтың куратор-эдвайзері Б.Қ.Әбенов ашып берді. Староста Құттыбек Жанна жүргізген сабақта әрі қарай студенттер Абукаримова Анель Ә.Бөкейхановтың өмірбаянын, Әбдімомынова Аружан Ә.Бөкейхановтың қайраткерлігін, Өмірзақ Мерей оның аудармашы-публицист ретінде атқарған қызметін баян етсе, Базарханов Дархан көсем басқарған Алаш партиясының бағдарламасы мен Алашорда автономиясы туралы слайд-шоу көрсетті. Тым жылдам бітіп қалған сағаттың соңында тұжырымдама сөз сұраған Б.Қ.Әбенов ұлт көсемінің үлкен энциклопедист-ғалым болғанын, артына мол өшпес мұра қалдырғанын атап өтті.

Other news

27 february, 2026
27 february, 2026
27 february, 2026