«Ұлт тірегі – тіл»

26 may, 2021

«Ұлт тірегі – тіл». Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі күніне арналған кураторлық сағат. 1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Бір күннің ішінде, әрине, Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан ондаған халықтардың бұл бағыттағы жетістіктерін көрсету мүмкін емес. Сондықтан барлық облыстарда тілдер апталықтары, онкүндіктері, айлықтары, фестивальдары өтеді. Еліміздегі бірлік пен келісімді білдіретін шаралар аясында өнер шеберлерінің концерттері, тілдерді меңгеру бойынша конкурстар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми конференциялар өтеді. Бүгінде Қазақстанда ұлттық әліпбиді латын қарпіне көшіру үрдісі аясында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз.Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.

Other news

29 november, 2024
29 november, 2024
29 november, 2024