«Қорыққан капы қалады... Ерінбеген ерлік жасайды!»
29 may, 2021
«Қорыққан капы қалады... Ерінбеген ерлік жасайды!». Оқу жылының шымылдығы жабылар тұста тағы да студенттерді жеңіске жетелеп, жазғы каникул мерзіміне рухтандырып жіберу мақсатында осындай тақырыпта тағы да бір ынталандыру (мотивациялау) кураторлық сабағын өткіздік. Бәріміз білетіндей, ішкі үрейдің батыл ойларды үркітетіні белгілі. Оның үстіне қорқақ жандар ешқашан өздеріне сенімді болмайды, жопар құра алмайды... Олар өз беттерінше іс бастауға да қауқарсыз... Бойдағы үрейді жеңіп, қандай істі болса да байыппен жүргізу керек. Қорқыныш ерікті жасытады, адымыңды аштырмайды. Ендеше, студенттерге көктемгі сессия алдында және жазғы демалысқа шығарып саларда: “Уақытты уысыңда ұста! Рухы мықтының мысы басым!” – дейміз...