«Күш атасы – Қажымұқан». Кураторлық сағат аты аңызға айналған Әлемнің 4 дүркін чемпионы, Азия құрылығының 2 дүркін чемпионы Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналды. Дүниежүзі халқының еріксіз таңдайын қақтырған, небір азуы алты қарыс мемлекеттердің атағы жер жарған саңлақтарына сан соқтырып, жеңіс тұғырына сан мәрте табан тіреген тұңғыш қазақ палуаны Қажы Мұқан бабамыздың туғанына биыл – 150 жыл.Студенттер талайды жер жастандырған алып күш иесі Қажымұқан бабамыз туралы тың деректер естіп, өмірі мен спорт саласындағы даңғыл жолы туралы сырт елдің баспасөз беттерінде жарық көрген талай құнды материалдар барын білді. Күш атасының қазақ спортына сіңірген еңбегін баяндадық. Күш атасының уған жері, тегі, палуанның тағылымға толы тағдыры туралы бірқатар деректерге қанықты.