An open curatorial hour was held «15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 32 жыл толуына орай»

20 june, 2021

Theme: An open curatorial hour «15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 32 жыл толуына орай» 

Form of conducting: online (on the Zoom platform)

Date: 16.02.2021 

Number of the group: NP 407

Curator-adviser: Dyusebaeva K.S.

 

Бұл ашық кураторлық сағаттың мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашу, түсіндіру. “Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу. қазіргі Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

Соғыс - жан алып , жан беру.

Соғыс - халықтың басына келген қасірет, жұт.

Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.

Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан астам қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден - медальдармен марапатталды.

1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО басшысы Брежнев КОКП орталық комитетінің саяси бюро мүшелері Андропов, Громыко, Суслов және Устиновтың келісімімен Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды. Бұл шешімнің салдары 9 жыл, 1 ай, 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды

Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 26 адам хабар – ошарсыз кетті.

 

Қорытынды: Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер ауғандағы майдан даласынан бір-ақ шықты. Қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншама жас мүгедек болып оралды. Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Other news

29 november, 2024
29 november, 2024
29 november, 2024