Тәуелсіздікті баянды ету сіздердің қолда

26 april, 2022

Жатақханадағы Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттерін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған "Ақпараттық жүйелер"  кафедрасының аға оқытушысы Құрметқан Тұрдыбек қазақ халқының 300 жылдық тәуелсіздікті арман етіп күресуі мен Тәуелсіз елдің даму жолына тоқталды.  Тәуелсіздік үшін Кенесары хан және Исатай мен Махамбет бастаған батырлар қару алып күрессе,  Ыбырай,  Абай сияқты тұлғалар біліммен елді азат етуды мақсат еткенін,  Алаш орда үкіметінің құрлып азаттық үшін күресуі,  қазақ халқын білімге бастауы,  отарлыққа қарсы соңғы күрес 35 жыл бұрынғы Желтоқсан оқиғасы екенін айтып өтті.  Студенттерге осы ғасырлар бойы күткен азаттықтың қадыр қаситетіне тоқталып,  енді мемлекетіміз көркейтіп гүлдендіру Мағжан ақын айтқандай жастардың қолында екенін,  ол үшін студенттер уақытын сапалы білім алуға жұмсау керектігін айтып өтті.  "Тәуелсіздікті баянды ету,  Елбасының Қазақ елін ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосу арманын орындау  сіздердің қолдарыңызда",- деп түйіндеді.