«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

4 may, 2022

Өткізілген күні: 12.12.2021 ж., 12.00

Іс-шараның мақсаты: Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт-дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Студенттерді елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулу. 

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс, АЖ-18-6 тобының студенттері және топ куратор-эдвайзері Бейбітхан Е.

Бұл ашық сабақ форматы студенттерге жақсы әсер беруі үшін және соны сезінуі үшін басқаша өткізілді. Яғни жалғыз басты, көп балалы анаға көмек көрсету болды.

Бұл ашық сабақ барысы белгілі бір жағдаймен үйі өртеніп, тағдыр сынағына тап болған батыр анаға көмектесу арқылы студенттердің ішкі сезімдерінің оянып, жақсылық жасап жарысуларына себепші болды.

Студенттер өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, ашық сабақтың ұнағанына және мұқтаж жандардың қуанышына себепші болғандарына риза екендерін білдірді. Ең маңыздысы осындай форматта тәрбиелік сағаттардың болуы студенттерге жақсы әсер қалдыратыны ескерілді.

               Куратор-эдвайзер:Жақсылық жасап көрінбе, жақсылық жаса да көрінбе деген ұлы сөз бар. Әр адам өз тағдырын таңдап алмайды. Бізде болашақта не күтіп тұрғанын білмейміз. Сол үшінде қолымыздан келгенше жақсылық жасап, қайырымдылыққа өз үлесімізді қосып жүрсек, ол нәрсенің бізге қайтарылатыны анық.