«Қазақтың ұлттық құндылықтары» тақырыбында тәрбиелік ашық сабақ
Өткізілген күні: 25.10.2021 ж., 14.00
Іс-шараның мақсаты: Студенттерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Іс-шара ұйымдастырушылары: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс, АЖ-18-6 және АЖ-18-2 топтарының студенттері және топ куратор-эдвайзері Бейбітхан Е.
Бірінші болып топтың куратор-эдвайзері Бейбітхан Е. ашық сабақтың тақырыбын жариялау, ашық сабаққа бастау берді.
Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушілері Мұхаммеджан мен Ақгүлге берілді. Жүргізушілер ұсынылған жоспарға сәйкес ашық сабақты бастады.
Топ студенттері құндылықтар туралы өлеңдер оқып, қызықты мәліметтермен бөлісті.
Келесі кезекте қызықты қазақтың қыз айттыру салтына сәйкес қойылымдар қойылды.
Ашық сабақ барысында ортадан күй ойнатылып, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.
Ашық сабақ соңында Жексенбаева Айгерім «Шілдехана» атты ұлттық өлеңді орындады.
Куратор-эдвайзер: Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәлім - тәрбиеге баулып, халқының салт - дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек екенін айтып ашық сабақты қорытындылады.