«1 - желтоқсан ЖҚТБ - мен күресудің бүкіләлемдік күні. Нашақорлыққа жол жоқ!»

8 november, 2011

Мақсаты: Студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Ұйымдастырушылар: Ақпараттық жүйелер мамандығының 1 курс эдвайзері Кожанова А.М және АЖ -10-5,6 топ студенттері.

Өту уақыты, орны: 26.11.2010ж. сағат 12.30, Актовый зал.

1. АЖ-10-6 тобының 1-курс студенті Қараев Есенғали «Жанын тәннен ертерек жерігесін» өлеңі оқылды.

2. «Анашасыз өмір» атты көрініс.

Көрініс мағынасы нашақорлыққа салынып кеткен ұлын анашадан арашалап алған әке-шеше жайында. Студенттерге нашақорлықтың адамзат баласына қауіп төндіріп қоймай, қамшының сабындай ғана қысқа өміріне балта шабатынын, яғни жарық әлемнің есігін жауып, болашаққа деген үміт мүлдем сөніп кететінін ескерту.

3. Болатұлы Саматтың орындауында ән «Ұмытар емеспін»

4. «Бауырлар» атты көрініс. Көрініс мағынасы студенттерді арақ ішпеуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

5. Залда отырған көрермендерге осы тақырып көлемінде сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды.

6. Музыкалық көрініс.

7. Студенттер «Нашақорлыққы жол жоқ» атты девизбен кешті аяқтады.



Other news

26 november, 2024
26 november, 2024
26 november, 2024