- Басты бет
- Компаленс бақылау қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша Семинар-кеңес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша Семинар-кеңес
2024 жылғы 26 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Сәйкестікті бақылау қызметінің қызметкерлері "ЖАҢАРУ" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамдық және жастар ұйымдарын шоғырландыру" семинар-кеңесінің жұмысына қатысты.
Аталған іс-шара "ЖАҢАРУ" РҚҰ іске асыратын "Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу" әлеуметтік жобасы шеңберінде өтті.
Семинарға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының комплаенс-мамандары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, студенттер, "ЖАҢАРУ"РҚҰ белсенділері қатысты.
Аталған іс-шараны "ЖАҢАРУ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Борис Әлікенұлы Жапаров жүргізді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдық және жастар ұйымдарын шоғырландыру жөніндегі жұмыстағы тәсілдер талқыланды, жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру қажеттілігі туралы айтылды.
Семинар қорытындысы бойынша "ЖАҢАРУ"РҚҰ Алматы қалалық филиалы атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қалалық деңгейдегі мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау қажеттілігі айтылды.