- Басты бет
- Компаленс бақылау қызметі
- Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тиімді құралдары мәселелері бойынша семинар
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тиімді құралдары мәселелері бойынша семинар
Ағымдағы жылдың 29-31 қаңтар аралығында Университеттің Сәйкестікті бақылау қызметінің қызметкерлері Қазақстандағы парламентаризмді дамыту Қорының қолдауымен ұйымдастырылған экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тиімді құралдары мәселелері бойынша семинардың жұмысына қатысты.
Оқыту семинарының жұмысына "Жігер" әйелдер ынтымақтастығы Лигасының өкілдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері қатысты.
Семинарды ұлттық және халықаралық тәжірибелі сарапшылар жүргізді
Семинарға қатысушылар экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың табиғатымен, сондай-ақ жеткілікті тұрғын үйге құқықтардың негізгі мазмұнымен және мүгедек адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау құқықтарымен танысты. Сондай-ақ, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар контекстінде заңнама және құқық қолдану практикасы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тиімді құралдарын қолдану тәжірибесі қамтылды.