Британдық университеттердің түлектерін марапаттау рәсімі

31 наурыз, 2024

Британдық Кеңестің «Study UK Alumni Awards Kazakhstan» жобасы аясында эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, қаумдыстырылған  профессор Усатаева Г.М. 2024 жылы 8 ақпанда Мәртебелі Елшінің резиденциясында өткен британдық университеттердің түлектерін марапаттау рәсіміне шақырылды. Бұрын Усатаева Г.М. осы байқаудың финалистері мен жеңімпаздарын анықтау үшін қазылар алқасының мүшесі болды. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшісі К.Лич, Қазақстан Республикасындағы Британ Кеңесінің директоры Роберт Тейлор қатысты. Олар құттықтау сөз сөйледі. ҒЖБ министрі С.Нұрбек Оксфордтың қазақша-ағылшынша сөздігін таныстырды. Марапаттар 4 номинация бойынша, соның ішінде ғылым және тұрақты даму бөлімдері бойынша өтті. Үш финалист арасынан жеңімпаз таңдалды. Бұл «Болашақ» стипендиясының иегері, Уорвик университетінің түлегі Еркеназ Жолымбаева болатын. Сыйлықты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек табыс етті. Марапаттау рәсімі ғылым, тұрақты даму, бизнес, шығармашылық мәдениет және әлеуметтік әрекет мәселелері бойынша қабылдау және пікір алмасуға ұласты.