Студенттік заң клиникасының кеңесшілері 04.04.2024 жылы, сағат 14.00-де Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде "Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" пәні бойынша 1 курс студенттеріне "ҚР еңбек құқығының негіздері" атты тақырыпта (113 ауд.) лидерлік дәріс өткізілді.
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының шақыруымен Ашыралиева Баян Советбековна, з.ғ. к., кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті және Қалиева Гүлмира Садуақасқызы, з. ғ.к., кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті дәріс оқыды.
Лидерлік дәріс барысында қазіргі заманғы еңбек құқығын дамыту, еңбек құқығы саласының негізгі институттарын ұстау мәселелері талқыланды. Сабақ дәріс-талқылау форматында өткізілді. Студенттер еңбек шарттарын жасасу кезінде сынақ мерзімінің мәселелері, қазіргі жағдайда еңбек заңнамасының нормаларын бұзу контекстінде еңбек құқықтарын қорғау мәселесі бойынша сұрақтар қойды. Сабақ барысында қатысушылар жалдамалы жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мақсатында еңбек заңнамасы нормаларын іске асырудың тиімділігін күшейту мәселелері бойынша пікір алмасты.