Хангук шетел тілдері университетіне ғылыми тағылымдама

8 сәуір, 2024

2024 жылдың 13-24 наурызы аралығында Шығыстану факультетінің магистранты Төлебаева Айжан Талғатқызы Оңтүстік Кореяның Йонгин қаласында орналасқан Хангук шет тілдер университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

Хангук шетел тілдері университеті Кореядағы шет тілдері мен интернационалдығы бойынша үздік жоғары оқу орны. Жаһандануға баса назар аудара отырып, университет әлемнің 93 еліндегі 543 университет пен институтпен, соның ішінде Қазақстандағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен Меморандумға отырды. Университеттің артықшылығы – шет тілдерін оқытудың жоғары деңгейі, корей тілін үйренудің   егжей-тегжейлі бағдарламасы мен қуатты оқытушылар құрамы.

Тағылымдама бағдарламасына университет және ғылыми қызметкерлермен танысу, университет тарихымен, қызметімен, басқару жүйесімен, жоспарлаумен, мақсаттарымен және стратегияларымен танысу, дәрістерге қатысу кірді. Сондай-ақ, Хангук шетел тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері институтымен (ICAS), Хангук шетел тілдері университетінің корейтану кафедрасымен танысу, Хангук шетел тілдері университетінің кітапханасына бару,  магистрлік диссертацияға байланысты жұмыстарды жинақтау мен танысу және Сеулдегі Корей заманауи кітапханасының мұражайына барумен ерекшеленді.

Бұл университетте магистрант профессорлардың лекцияларын тыңдауға, университет кітапханасынан материалдарға ізденіс жасауға, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін жинақтауға, «Корей тіліндегі интернет мәтіндерін лингвистикалық талдау» диссертациясында қолдануға болатын ғылыми материалдың жинақталу мүмкіншілігіне қол жеткізді.

Қиыр Шығыс кафедра меңгерушісі    Phd  докторант  Абаған А.Б.

Корейтану меңгерушісі Жаханова Ж.А.