Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференция

25 сәуір, 2024

Университеттің Сәйкестікті бақылау қызметі басшылығы "Narxoz" университетінің алаңында өткен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: Қазақстандағы халықаралық тәжірибе және даму перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияда бейінді мемлекеттік органдардың басшылары мен шетелдік спикерлер сөз сөйледі: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметі басшысының орынбасары Жігер Еркінбекұлы Байділдин, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Абылайхан Ақерке, БҰҰ ЕҚБ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік кеңесшісі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасының өкілі Козин Владимир Викторович, АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бюросының Халықаралық істер жөніндегі офицері Фан Ян, USAID-тің "Барлығына арналған Сот төрелігі" білім беру жобасының сарапшылары, Гонконгтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз комиссиясы, Сербия университеттері және басқалар. Сондай-ақ, іс-шараға қазақстандық жоғары оқу орындарының, оның ішінде ІІМ, ТЖМ, ҚМ мамандандырылған оқу орындарының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректорлары, проректорлары мен оқытушылары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың комплаенс-офицерлері қатысты.               

                                                                              

Мақсаты-білім беру және ағарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ұлттық және халықаралық тәжірибесін, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының GRACE халықаралық бастамасын іске асыру мәселелерін талқылау.                                                                                              Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің қазақстандық тәжірибесі ұсынылды, ЖОО-лар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы типтік оқу бағдарламасының жаңа жобасы таныстырылды. Бұл бастаманы енгізу Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында көзделген. Сондай-ақ шетелдік сарапшыларға "AntiParaCraft" квест-ойыны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-оқыту платформасы, "Адалдық әліппесі", "Парасаттылық сағаты", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" дидактикалық ойындар жинағы, жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы олимпиада, Академиялық адалдық лигасы және тағы басқа қолданыстағы жобалар таныстырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды дамыту және халықаралық тәжірибені имплементациялау бойынша ынтымақтастықты нығайту және кеңейту мәселелерін талқылады.