- Басты бет
- Компаленс бақылау қызметі
- "Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс" оқыту семинары
"Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс" оқыту семинары
Университеттің Сәйкестікті бақылау қызметінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 24 сәуірінде онлайн - форматта "Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс" оқыту семинарына қатысты. Оқыту курсы "Парасаттылыққа шолу" жобасы аясында ұйымдастырылды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арасындағы шолу жобасын іске асыру туралы грант туралы келісім мақұлданды. Семинардың спикерлері ЭЫДҰ өкілдері Фредерик Бойем мен Оксана Гус болды. Семинар форматы теориялық материалдарды, интерактивті жаттығулар мен топтық жұмыстарды, пікірталастарды, мысалдар мен озық тәжірибелермен алмасуды, келесі тақырыптық бағытты қамтыды:
- Мемлекеттік сектордағы парасаттылық/сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттарын сақтау жөніндегі стратегияларды іске асырудағы жекелеген елдердің тәжірибесін қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік сектордағы парасаттылық қағидаттарын сақтау үшін ұйымдастырушылық және үйлестіру модельдерімен алмасу;
- Мемлекеттік секторда этикалық нормаларды сақтау жөніндегі жұмысты қолдау, ынталандыру және бағалау бойынша жекелеген елдердің тәжірибесін ұсыну;
- Квазимемлекеттік органдарда әдеп және нормативтік талаптарды сақтау бойынша қызметкерлердің рөлі мен функцияларын талқылау;
- Квазимемлекеттік ұйымдарда адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты қолдау үшін әдіснамалық және үйлестіру мәселелерін шешу;
- Тәжірибешілер бірлестігін құру және осы модельді барлық мемлекеттік басқаруға бейімдеу және тарату мүмкіндігін талқылау.