Қытайтану кафедрасы жазғы мектептің жұмысын бастады
Қытайтану кафедрасы өзінің жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың мамыр айында Жазғы мектептің жұмысын бастады. Бұл мектеп университеттің стратегиялық дамуын жүзеге асыру және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Онлайын өтіп жатқан курсқа ҚХР-дың Нанкин университетінен 20 студент қатысуға өтініш берді. Оларға «Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы» атты тақырыппен онлайн-курс ұсынылып отыр. Курста «Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы», «Қазақ даласын мекендеген ежелгі тайпалық бірлестіктер және мемлекеттік құрылымдар», «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің ұлттық ерекшеліктері» деген сияқты қытайлық студенттерді барынша қызықтыратын тақырыптар оқылады. 3 мамыр күні Нанкин университетінің студенттеріне арналған мектептің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында шетелдік студенттерге университетіміз, факультетіміз және кафедрамыз туралы жан-жақты ақпарат беріліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді. Жазғы мектеп 16-мамырға дейін жалғасады.