2024 жылдың Республикалық пәндік олимпиадасында ҚазҰУ студенттері жүлделі орындарға ие болды

10 мамыр, 2024

05.02.2024 - 05.03.2024 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Шетел тілдері» және «Гуманитарлық ғылымдар» мамандық топтары бойынша студенттер арасында республикалық пәндік олимпиаданың екі кезеңі өтті. Олимпиада  «Шетел тілдері» және «Гуманитарлық ғылымдар» мамандық топтары бойынша  бес мамандық бойынша өтті: Шығыстану: жапонтану; Шығыстану: корейтану, аударма ісі: қытай тілі (орыс бөлімі); Аударма ісі: корей тілі; Шетел филологиясы: корей тілі. Олимпиадаға еліміздің бес жоғары оқу орнынан барлығы 67 студент қатысты.

 

Республикалық  олимпиаданың жеңімпаздары:

Шығыстану

Жапонтану бөлімі:

1 орын-Қабыш Азиза (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

2 орын-Кабулова Аружан(әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

2 орын-Габдуллина Лейла (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

3 орын-Кайролла Адиль(Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ)

3 орын-Мичкасов Алексей (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

3 орын-Кемельбаева Зарина(әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 

корейтану секциясы:

1 орын-Серикболова Аруна (Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ)

2 орын-Отегенова Мадина (Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ)

3 орын-Әбіш Тоғжан (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

 

Шетел филологиясы  

Корей тілі секциясы:

1 орын –  Алтынбекова Кымбат (Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ)

2 орын – Райысова Диана (Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ)

3 орын – Нұрмәмет Мөлдір (Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ)

 

Аударма ісі

корей тілі секциясы:

1 орын –  Инкарбек Әзиза (Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ)

2 орын – Мухан Дарига, (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

3 орын – Смаилова Акерке (SDU University)

 Қиыр Шығыс кафедрасы

Жапонтану бөлімінің

меңгерушісі Тазабекова Г.Б.