«Климаттық мәселелер су ресурстарын басқаруды жаңғыртуға ынталандырады»
17 қыркүйек, 2024
Бүгін «Казахстанская правда» газетінде азаматтық құқық ,азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Сүлейменованың «Климаттық мәселелер су ресурстарын басқаруды жаңғыртуға ынталандырады» тақырыбында мақаласы жарияланды. Мақалада климаттың өзгеруінің салдары тұрғысынан су ресурстарын басқарудың терең талдауы қарастырылған. Ел Президенті өз Жолдауында «Таза Қазақстан» сияқты экологиялық акцияларды өткізуге шақырады, бұл азаматтарды табиғатты аялауға тартудың тамаша үлгісі. Мемлекет басшысының Жолдауда су тапшылығын азайту мақсатында айтқан бағыттары мемлекет пен халықтың қаржылық тәуекелдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы тәуекелдерді болжауға мүмкіндік береді. Су шаруашылығы мен экологияға баса назар аудару Қазақстанның тұрақты болашағын құру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылады.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024