РЕФЕРЕНДУМ НЕГІЗГІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында энергетикалық ресурстардың жаһандық тапшылығы мәселесіне аса назар аударылды. Атом энергетикасын елдің өсіп келе жатқан энергетикалық қажеттіліктерін едәуір дәрежеде қанағаттандыруға қабілетті перспективалы бағыттардың бірі ретінде дамыту мәселесі қарастырылуда.
Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында 2024 жылы 6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өткізіледі. Бұл еліміздің демократиялық қағидаларды берік ұстанатындығын және атом электр станциясын салу мәселесінде барлық азаматтардың пікірі маңызды екенін, ел тарихындағы негізгі шешімдерді шешудегі референдумның маңызды құрал екендігін көрсетеді.
Бакиров Дархан Әбдіманапұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы