2024 жылдың 30 қыркүйегінде заң факультетінің 1 курс студенттерімен (113 және 103 топтар) «Республикалық референдум мәселесі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде республикалық референдумға қатысу құқығы және азаматтардың экологиялық құқықтары туралы мәселелер талқыланды.
Құттықтау сөзімен азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Сулейменова С.Ж. ашып берді.
Өз сөзінде заң ғылымдарының кандидаты, азаматтық құқық , азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Оспанова Д.А. 2024 жылдың 6 қазанында АЭС құрылысы жобасы бойынша республикалық референдум өтетінін атап өтті. Референдум белсенді азаматтық ұстанымның бір түрі болып табылады және референдумның тақырыбы: Конституцияға өзгерістер енгізу, заң қабылдау немесе басқа да маңызды мәселе болуы мүмкін. Ел өміріндегі әрбір қадам халықпен бірге жасалып, атом электр станциясын салу немесе салмау құқығының халыққа беріліп жатқаны айқын.
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының PhD докторы Мырзатаев Н.Д. қазіргі уақытта Қазақстанның энергетика секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының 70%-ға жуығын қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына қатты тәуелді екенін айтты. Дегенмен, бұл модель күрделі мәселелерге тап болады. Ал референдум маңызды мемлекеттік мәселені шешуге азаматтарды тартуға мүмкіндік береді және бұл тапсырмаға әрбір адам жеке шақырылады.
Кездесу соңында студенттер арасында сауалнама жүргізілді.
8 шілде, 2025
8 шілде, 2025
8 шілде, 2025