"Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар"
2024 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ - ның "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" 16-тұрақты даму мақсатын және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2024-2025 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде Комплаенс қызметінің қатысуымен " Халықаралық қатынастар" факультетінің студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру және "сыбайлас жемқорлықтан тыс Университет" бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында "Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасының оқытушылары з.ғ.к., доцент Культемирова Л.Т. және м.з.н. Смағұлова С. олар "сыбайлас жемқорлық" ұғымы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың қандай түрлері бар екендігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, семинарда университет студенттері мен оқытушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сенім мен әділеттілік ахуалын нығайту туралы сұрақтар көтерілді.
Іс-шара соңында спикерлер сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қарау тәжірибесімен алмасып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Семинар жоғары деңгейде өтті және жастар үшін өте пайдалы болды.