"Мамандық таңдау - арманнан шындыққа"Farabi University

"Мамандық таңдау - арманнан шындыққа"

1 қазан, 2024

2024 жылдың 1 қазанында "ТДМ"4 бағдарламасы аясында "мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасында Сәуле Ахметованың "Мамандық таңдау - арманнан шындыққа" тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті. 

 Заң мамандығы бойынша бағытты қалай шешуге болады? Адвокатура, мемлекеттік қызмет, жеке тәжірибе немесе ғылыми қызмет арасында таңдау қиын болуы мүмкін. 
Сондықтан спикер дәрісте бірқатар мәселелерді талқылады:

Заңгерлік мансаптың негізгі бағыттары және олардың болашағы.
Табысты заңгер үшін қандай дағдылар мен жеке қасиеттер маңызды.
Мамандандыруды қалай таңдауға болады: қылмыстық, азаматтық құқық, халықаралық құқық және т. б.
Жаңа бастаған заңгерлерді қандай қиындықтар күтіп тұр және оларды қалай жеңуге болады.
Заңгерлік мансаптағы өзін-өзі дамыту және қосымша білім берудің рөлі.

Дәріс жоғары деңгейде өтті және өте нәтижелі болды. Спикер өз білімімен, практикалық кеңестерімен бөлісті және қызықты сұрақтарға жауап берді. 

Спикер мен тыңдаушыларға уақыт бөлгені және белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз. 


"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы