Атом электр стансасын салуға байланысты жалпыұлттық референдумFarabi University

Атом электр стансасын салуға байланысты жалпыұлттық референдум

1 қазан, 2024

ТДМ 16. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдығына арналған заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының бастамасымен №18 студенттер үйінде өткізілген іс-шара жоспарына сәйкес 2024 жылдың 01 қазанында «Атом электр стансасын салуға  байланысты жалпыұлттық референдум» туралы пікір алмасу іс-шарасы өтті. Іс-шараға заң факультетінің деканы з.ғ.к., доцент У.А. Ахатов және кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының менгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты: phD докторы М.Н.Үмбетов, аға оқытушылар Э.С., Куандыкова, С. М., Жапақов, А.Н.Абдрахманов қатысты.
Іс-шарада қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп баратындығы, Қазақстанға сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажеттілік мәселесі де көтерілді. Бұл тараптан Президент Жолдауындағы атом энергетикасын дамытуға баса мән берілген. Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр және мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы Атом электр станциясы әлемнің 32 елінде бар. Жалпы алғанда оларда 400-ден астам ядролық реактор жұмыс істеп тұрса, 60-сы жаңадан салынып жатыр. Ал әлемдегі ең қуатты атом электр станциялары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция сынды бірқатар елде орналасқан. Атом электр станциясын салуға байланысты барынша байыпты шешім қабылдау қажет екенді әрдайым айтылып келеді. Бұл стратегиялық жоспарлар қоғамда кеңінен талқылану қажет. Осы мәселе жайында атом электр стансасын салуға  байланысты жалпыұлттық референдумге студентермен, пікірталаста өз ойларымен бөлісіп, ортаға салып талқылады. 
Кездесу барысында декан және кафедра меңгерушісі №18 студенттер үйінің кітапхана қорына   кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы атынан кітаптар сыйға тартылды. Сонымен қатар, бөлмелердің санитарлық талаптарға сәйкестігін, жатақхананың жалпы тазалығы мен қауіпсіздігімен танысып шықты. Студенттердің тұрмыстық қажеттіліктері, оқу процесі мен бос уақытты ұйымдастыруға қатысты сұрақтары да көтерілді. Студенттер жатақханадағы кейбір мәселелер мен ұсыныстарын ашық айтып, жақсартуды қажет ететін жайттарды бөлісті. Заң факультетінің деканы Уалихан Ақыпбекұлы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Университетіміздің басшылары тарапынан қолдау көрсетілетінін және барынша қолайлы жағдай жасауға тырысатындарын жеткізді. 
  Мұндай іс-шаралық кездесулер студенттердің ой-өрісін, жалпы жағдайларын жақсартуға және оқу орны мен студенттер арасындағы тығыз байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Заң факультетінің деканы Уалихан Ақыпбекұлы және кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының менгерушісі з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева студенттерге сәттілік тілеп, олардың академиялық және жеке өмірлеріне табыс тіледі.