Жаңа Қазақстан идеясы аясында білім беру жүйесін жетілдіру, оның сапасын арттыру арқылы зияткерлік әлеуеті жоғары, саналы және жауапты жастарды тәрбиелеуде, «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, университеттің Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын әртүрлі іс-шаралар өткізуде. Тұрақты даму мақсатының 4 бөлімі Сапалы білім беру негізінде 29 қазанда «8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс докторанты Атаханова Нұрасила Амангелдіқызының «100707 Әдебиеттану ғылымының негіздері» пәні бойынша ашық сабақтары өтті. Пән оқытушысы филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушыҚалқабаева Сәлима Әбдіраманқызы мен педпрактика жетекшісі PhD, аға оқытушы Э.С.Сейсенбиева, курс докторанттары қатысты. 6В02306 – Әдебиеттану 1 курсында «Көркем тақырыптама – тұтастық. Тақырып және идея» тақырыбында ашық дәріс және «Мәңгілік тақырыптама, ұлттық тақырыптама, тұлғалық- ғұмырнамалық тақырыптама» тақырыбы бойынша ашық семинар өтті. Көркем шығарма тақырыбы мен идеясы, идеяның түрлері, тақырыптың күрделілігі, теоретик ғалымдар тұжырымдамалары талдалды. Студенттер дәріске белсене қатысып, сұрақ- жауап, талдау түрінде жүргізілді. «Ойтүрткі» әдісі арқылы цифрлы технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім дағдыларына шолу жасалды. «Кездейсоқ бөлу» тәсілі арқылы студенттерді топқа бөліп, «Геймификация» әдісімен студенттерді шығарма талдауда өз ойын еркін айтып, квест ойыны арқылы интерактивтілік, креативтілікке басымдық беріп, әр топтың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық сипаттамаларға жоғары балл берілді. (Шығарма тақырыбы, идеясы, тақырыптама түрлері, кейіпкерлерге мінездеме, образдар жүйесін ашып, талдау жүргізілді). «Драматизация» әдісі арқылы Әбдәжәміл Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» шығармасы бойынша қойылым қойды. Аталған әдіс арқылы студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып, материалды жақсы меңгеруіне әсер етеді. Дәріс пен семинар соңында студенттер интерактивті тақтадағы QR – кодты, смартфон арқылы сканерлеп кері байланыс жіберді.Сабақ сәтті әрі қызықты өтті.