"Супер студент" байқауы

4 february, 2010

«СУПЕРСТУДЕНТ 2010» интеллектуалдық байқауының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Өткізілетін уақыты: 25.02.2010ж. сағат 15:00;

Өткізілетін орны: механика-математика факультетінің үлкен мәжіліс залы;

Байқаудың мақсаты-міндеттері: Университет студенттері арасында жан-жақты білімді насихаттау, ғылымға деген ынталарын арттыру, жалпы логикалық, психологиялық, білімділік жағынан ҚазҰУ-дың «суперстудентін» анықтау.

Байқаудың шарттары:

Қатысушы:

1. Өз университетінің патриоты;

2. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі;

3. Логикалық ойлау деңгейі жоғары болуы;

4. Әр саладан хабардар болуы;

5. Көшбасшылық қабілеті жоғары болуы тиіс.

Байқаудың кезеңдері. Байқау үш кезеңнен тұрады:

•. Факультеттердегі алғашқы іріктеу кезеңі. Мұнда төменде дайындалған кесте бойынша әр факультет мәслихаттарымен біріге отырып, факультет атынан шығатын бір студент таңдалынады.

Өткізілетін күні

Уақыты

Факультеттер

03.02.10

10:10

Экономика және бизнес

04.02.10

10:00

Филология, журналистика, тарих, заң

05.02.10

10:00

Физика, химия, мехника-математика Шығыстану,философия және саясаттану

06.02.10

10:00

Биология, география, халықаралық қатынастар

2. Екіншілік іріктеу кезеңі. Бұл кезең университеттік көлемде өткізіліп, байқауға қатысуға бірінші іріктеу кезеңіне қатыспаған студенттер мүмкіндік алады. Өткізілетін уақыты: 09.02.2010ж. Осылайша іріктеуден өткен қатысушыларға финалға дейін психологиялық тренингтер мен семинарлар ұйымдасиырылып отырады.

3. Негізіг финал. Мұнда алғашқы кезеңдерден жоғары ұпай жинаған 13-14 студент қатысады.

Негізгі қорытынды байқау үш кезеңнен тұрады:

1. «Біздің факультет осындай!». Мұнда қатысушы өз факультетімен қоса, өзін де ерекше түрде таныстыруы керек. (Регламент - 4 минут);

2. Викториналық сұрақтар. Барлық қатысушыға бірдей ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде әр саладан сұрақтар қойылады. Алғашқы дайын болған студент сұраққа қойылған тілде жауап беруі керек (Жалпы сұрақ саны - 15);

3. Ғылыми бағыттағы кезең. Мұнда әр сайыскер өзінің ғылыми бағыттағы жетістіктерін өзі қалаған формада көрсетуі керек. (Регламент - 4 минут);

4. Шығармашылық кезең. Бұл кезеңде қатысушылар өздеріне берілген шығармашылық тапсырмаларды орындауы тиіс. Тапсырмалар студенттерге тосыннан ойылып, олардың импровизаторлық қырны ашуға мүмкіндік береді;

Барлық кезеңдерде сайыскерлердің байқау шарттарынан ауытқымай, жүйелі дайындық жүргізуіне факультеттердегі Студенттер Мәслихататры жауапты.

Other news

22 november, 2024
22 november, 2024
21 november, 2024