ТДМ-4: «Қазақстан – құқықтық мемлекет» тақырыбында кездесу өткізілді
2024 жылы 14 қазан күні әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің кеден, қаржы және экология құқығы кафедрасының басшылығы, 110-топ 1 курс студенттерінің және студенттік заң клиникасының директоры Бакиров Д.А. қатысуымен БҰҰ ТДМ шеңберінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Қазақстан – құқықтық мемлекет» атты кездесу өткізілді.
Осы топтың студенттері Дәулетова Диана мен Жебеген Хантемір «Қазақстан – құқықтық мемлекет» тақырыбында презентация әзірлеп, Қазақстанның демократиялық, құқықтық сипаты, еліміздегі адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен қамтамасыз етілуі, мемлекеттік билік жүйесінің құрылымы туралы баяндап берді.
Кездесу соңында жастар жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Республика күнінің ел тарихы мен болашағы үшін маныздылығы, жастардың заң үстемділік ететін қоғам құруда атқаратын рөлі туралы өз пікірлерімен бөлісіп, Қазақстанның құқық үстемдік ететін мемлекетке айналатынына зор сенім білдірді.