Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығына орай және заң ғылымдарының докторы, профессор Әбжанов Көбен Әбжанұлының 95 жылдығына арналған     «ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН РЕФОРМАЛАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК ШАРТЫН, КЕЛІСІМШАРТТЫ ЖЕТІЛДІРУ»    атты   Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияFarabi University

Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығына орай және заң ғылымдарының докторы, профессор Әбжанов Көбен Әбжанұлының 95 жылдығына арналған     «ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН РЕФОРМАЛАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК ШАРТЫН, КЕЛІСІМШАРТТЫ ЖЕТІЛДІРУ»    атты   Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

31 қазан, 2024

31 қазан 2024 жылы  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығына орай және заң ғылымдарының докторы, профессор Әбжанов Көбен Әбжанұлының 95 жылдығына арналған   «ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН РЕФОРМАЛАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК ШАРТЫН, КЕЛІСІМШАРТТЫ ЖЕТІЛДІРУ» атты   Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы ұйымдастырды. Конференция Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің заңнамалық тәжірибесін ескере отырып, еңбек шарты мен келісімшарт институттарын түсіну және өзгерту саласындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналды.

Конференция жұмысында келесі мәселелер талқыланды:

1) Еңбек шартының және еңбек қатынастарындағы келісімшарттың түсінігі мен мәні, олардың айрықша ерекшеліктері;

2) Шарттардың құқықтық табиғаты туралы Еңбек және азаматтық заңнама. Азаматтық-құқықтық шарттардың еңбек қатынастарын реттеу саласына конвергенциясы;

3)Еңбек қатынастары жүйесіне цифрландыру тетіктерін имплементациялау; еңбек шартын, келісімшартты жасасу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

4)Еңбек шартын және келісімшартты жасасу мәселелері мен нысандары. Келісімшарт бойынша қызметшілер;

5)Еңбек шартының, келісімшарттың мазмұны. Еңбек шарты, келісімшарт талаптарының түрлері, құқықтық табиғаты. Еңбек шартының мазмұны туралы сот практикасы;

6) Еңбек шарты мен келісімшарт бостандығы проблемалары, оларды жасауға тыйым салу мен шектеулер;

7) Еңбек шарты мен келісімшарт талаптарын өзгерту мүмкіндіктері мен шектері. Басқа жұмысқа ауысу түрлері, олардың ерекшеліктері;

8) Еңбек шарты мен келісімшарттың тоқтатылуы, құқықтық маңызы және олардың ерекшеліктері. Еңбек шартын, келісімшартты тоқтату негіздерінің түрлері; оларды тоқтату кезіндегі кепілдіктер. Локаутқа тыйым салу;

9) Еңбек қатынастарының пайда болу негіздері және еңбек шарты. Еңбек шартының, келісімшарттың мерзімдері.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, судьялар, кәсіптік одақ басшылары, қоғам қайраткерлері, адвокаттар, прокуратура органдарының, Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасының өкілдері, бизнес-құрылымдардың өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылары, қызметкерлері және заң факультетінің ПОҚ қатысты.

Конференцияға қатысушылардың баяндамаларында еңбек заңнамасын, атап айтқанда, ЕАЭО елдеріндегі еңбек заңнамасын реформалау және цифрландыру жағдайындағы еңбек шартын, келісімшартты дамыту перспективаларына арналды".