Педагогикалық практика аясында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ-15) сәйкес 2025 жылдың 14 ақпанында «Биоалуантүрлілікті сақтау және олардың жойылып кетуінің алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті.Farabi University

Педагогикалық практика аясында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ-15) сәйкес 2025 жылдың 14 ақпанында «Биоалуантүрлілікті сақтау және олардың жойылып кетуінің алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті.

14 ақпан, 2025

Іс-шараны педагогика және менеджмент кафедрасының п.ғ.к., доценті Б.И. Иманбекова, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі PhD., қауым.профессоры, А.С. Нурмаханова жетекшілігімен "Геоботаника" мамандығының 1- курс докторанттары Қойлыбаев Жасулан Жамигатович, Муратбаева Айтолкын Сандибаевна, Мәсімжан Мұратжан Тілебердіұлы және "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" мамандығының 1- курс докторанттары Самбаев Нурлан Серикбаевич, Сатбек Аңсар Талғатұлы   болып бірлесіп ұйымдастырды. Тәрбие сағаты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет базасында  өткізіліп, оған ҚазҰУ докторанттары, осы ұйымның қызметкерлері мен студенттері белсене қатысты. Тәрбие сағатында:

•   «Биоалуантүрліліктің адамзат үшін маңызы»

•   «Биоалуантүрліліктің жойылуына әсер ететін факторлар»

•   «Биоалуантүрлілікті сақтау»

          «Тұрақты даму мүддесін қолдау» атты бүгінгі күннің аса өзекті мәселелері  екі университет білім алушылары  арасында  қызу талқыланып, ұтымды ұсыныстар жасалды.

          Іс-шара соңында   ҚазҰПУ - нің  білікті мамандары  кафедра меңгерушісі, А.Д. Майматаева PhD, аға оқытушы және  А.А.Талдыбай PhD, оқытушы, биоалуантүрлілікті сақтаудың  қазіргі  инновациялық жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар  ұйымдастырушыларға табиғатымыздағы тепе-теңдікті сақтау және биоалуантүрліліктің жойылып кетуінің алдын алуға  қосқан үлесі мен  студенттердің белсенділігі үшін алғыстарын білдірді. Іс-шара  қатысушылардың  табиғатымызды қорғауға, биоалуантүрлілікті сақтауға үлес қосу әркімнің  азаматтық борышы деген маңызды  қорытынды жасаумен аяқталды.