Арынова Г.А. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.Farabi University

Арынова Г.А. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

27 қаңтар, 2025

Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының аға оқытушысы, м.ғ.к. Арынова Гүлбану Әбжанқызын «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жоғары марапат – көпжылдық еңбектің, кәсіби шеберліктің және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.

Гүлбану Әбжанқызының негізгі жетістіктері:

  • 50-ден аса ғылыми еңбектер, яғни мақала, тезис, баяндама, әдістемелік нұсқаулар және оқулықтар бар, оның ішінде 9 оқулық пен оқу-әдістемелік нұсқау.
  • Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі –  28 жыл, оның соңғы 8 жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қызмет етуде.

Жоғарғы медициналық оқу орындарына арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көрген 9 оқулықты жазуда өз еңбегін сіңірді:

  1. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена (қазақ тіліне аударғандар Арынова Г.А., Әбдіразақова С.А.): Оқулық.- Алматы: Ғылым, 2004.- 432 бет.
  2. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена (қазақ тіліне аударғандар Арынова Г.А.,  Әбдіразақова С.А.): колледждерге арналған оқулық.- Алматы: Ғылым, 2005.- 275 бет.
  3. Б.А. Неменко, Д.Б. Бекказинова, Г.А. Арынова, Г.Б. Елгондина. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене.- Алматы, 2008.- 430с.
  4. Б.А. Неменко, Д.Б. Бекказинова, Г.А. Арынова, Г.Б. Елгондина. Коммуналдық гигиенадан практикалық сабаққа арналған оқулық.-Алматы: АҚНҰР баспасы, 2013.- 426 б.
  5. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена (қазақ тіліне аударғандар Арынова Г.А., Әбдіразақова С.А.) Оқулық (2-басылым). - Алматы: АҚНҰР баспасы, 2013.- 404 б.
  6. Б.А. Неменко, Д.Б. Бекказинова, Г.А. Арынова, Г.Б. Елгондина. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене». Учебник (издание 2-е) Алматы:  ИП «издательство АҚНҰР», 2013.- 428 с.
  7. Г.Ә. Арынова: Коммуналдық гигиена/оқу-әдістемелік құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2018.-158 б.
  8. Г.А. Арынова: Коммунальная гигиена/учебно-методическое пособие/Алматы: Қазақ университеті,2018-174 с.
  9. Адам экологиясы негізіндегі гигиена: оқулық/В.И. Архангельский, П.И. Мельниченко, қазақ тіліндегі басылымның жауапты редакторы Г.А. Арынова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2020.-704 б.

Студенттердің дипломдық жұмысын дайындауда және магистранттардың магистрлік жұмысын дайындауда ғылыми жетекші ретінде, олардың ғылыми жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыруда. 2018 жылы «Фараби әлемі» халықаралық конференциясында жетекшілік еткен ҚДС мамандығының 4 курс студенті А. Омарходжаева 2-орынды иеленіп, 50 000 тг сыйақыға ие болса, 2020 жылы өткен «Фараби әлемі» халықаралық конференциясында ҚДС мамандығының 4 курс студенті Ә. Өмірзақова 1-орынды иеленіп, 75 000 тг сыйақыға ие болды. 2018, 2020 және 2021 жылы өткен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Республикалық Студенттік Пәндік Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша жауапты координатор болып табылды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» бакалавриат, магистратура мамандығын дайындауда білім бағдарламасын жасауда жауапты координатордың бірі. Медицина және денсаулық сақтау факультеті қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің аға куратор-эдвайзері. Студенттердің қоғамдық жұмыстырына белсене араласуына, тәрбиелік шараларды ұйымдастыруда жоғары жауаптылық көрсетеді. 

Арынова Гүлбану Әбжанқызы – өз ісіне адалдықтың, кәсіби құштарлықтың және жоғары адамгершілік қасиеттердің жарқын үлгісі! Сізді марапатыңызбен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, күш-жігер және жаңа жетістіктер тілейміз!