География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы 2011 жылдың қыркүйегінде физикалық география, геоморфология және экономикалық, әлеуметтік және саяси география кафедраларының бірігуі нәтижесінде құрылды. География, жерге орналастыру және кадастр атты кафедраның қайта құрылуы мен атауының өзгеруі 2010 жылы экономикалық, әлеуметтік және саяси география кафедра базасында "Жерге орналастыру" және "Кадастр" жаңа мамандықтардың ашылуымен байланысты болды. Қазіргі кезде кафедра республиканың жоғарғы мектептеріндегі географ, жерге орналастырушы және кадастр мамандарын дайындайтын ірі ұжым болып табылады.
Кафедра меңгерушісі
Тоқбергенова Айгүл Абдугаппарқызы
Кафедра байланыстары
Кафедра тарихы
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «География» мамандығы 1948 жылы «Жалпы география» кафедрасын ұйымдастырумен бірге ашылған болатын. Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып:
доцент В.Н.Евцихевич (1948-1951) қызмет атқарды.
1949 жылы «Жалпы география» кафедрасы негізінде экономикалық география кафедрасы ұйымдастырылды және «геология – география» факультетінің құрамындағы бірінші мамандандырылған кафедра болды.
Құрылған күнен бері кафедраның оқытушы құрамы өте өзекті ғылыми жобларды жүзеге асырумен айналыса бастады, яғни Қазақстанды экономикалық аудандастыру, ауыл шаруашылық аудандастырудың кешенді сұрақтарын зерттеу, ауыл шаруашылығын орналастыру мен мамандандыру, КСРО экономикалық аудандарының токсономиялық жүйесін бөлу ұстанымдарын зерттеу жүмыстарымен айналысты.
Кафедра меңгерушілері болғандар:
- г.ғ.к., доцент Д.Р. Богорад (1945-1951);
- г.ғ.к., доцент М.Р. Плоткин (1951-1953, 1961-1962);
- г.ғ.к., доцент А.В.Маракуев (1953-1955);
- г.ғ.к., доцент Б.Я. Двоскин (1955-1956);
- г.ғ.к., доцент Е.М. Конобрицкая (1956-1961);
- г.ғ.к., доцент М.С. Васильева (1962-1964);
- аға оқытушы А.С. Тихомиров (1964-1966);
- э.ғ.к., доцент Н.Н. Яниос (1966-1971);
- г.ғ.к., доцент М.Т. Бөлегенова (1972-1984);
- г.ғ.д., профессор Н.К. Мұқитанов (1984-1985);
- г.ғ.д., профессор С.Р. Ердәулетов (1986-1992);
- г.ғ.к., профессор А.Т. Темірбеков (1985-1986, 1992-2005);
- г.ғ.д., профессор Ш.М. Надыров (2005-2008);
- г.ғ.д., профессор Г.Н.Нюсупова (2008-2011).
1953 жылы «Жалпы география» кафедрасының негізінде физикалық география кафедрасы құрылды. Физикалық география кафедрасы физгеографтарды дайындайтын республикадағы ірі оқу және әдістемелік орталық болды. Кафедра ғалымдары физикалық географияның әртүрлі облыстары және жақын ғылымдар бойынша келесі бағыттармен зерттеу жүргізді: ландшафттану, топырақтану, геоботаника және экология, геоинформатика, табиғи орта мониторингі, радиоэкология, сонымен қатар географияны оқыту әдістемесі.
Кафедра тарихында әр жылдары төмендегідей кафедра меңгерушілері қызмет атқарды:
- доцент Г.Г. Муравлев (1952-1962 жж.,),
- профессор М.Ж.Жандаев (1962-1974 жж.,),
- профессор Г.Г. Муравлев (1974-1975 жж.,),
- доцент М.Ж.Жапбасбаев (1975-1988 жж.,),
- профессор Г.М.Жаналеева (1988-2005 жж.,),
- профессор А.В.Чигаркин (1995-2001жж.,),
- профессор Ж.Д.Достай (2002-2005жж.,),
- доцент Ж.Н.Мұқашева (2005-2007 жж.,),
- доцент Н.Н.Керімбай (2007-2008жж.,).
- доцент С.С. Тугельбаев (2008-2011).
Физикалық география кафедрасы құрамынан 1995 жылдың желтоқсанында қоршаған ортаны қорғау және экология мамандарын дайындау мақсатында «Геоэкология және табиғи орта мониторингі» кафедрасы бөлінді. Бұл бағыт бойынша студенттерді қабылдау 1992 жылдан бері «Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы бойынша, 1994 жылы «Экология және мониторинг» жүзеге асырылып жатқан болатын. 1996 жылы кафедра "Жалпы экология" мамандығы бойынша студенттерді қабылдады. Кафедраның бастапқы мақсаты республиканың табиғатты пайдалануды оңтайландыру, қалдықсыз технология, экологиялық сараптама және экологиялық аудит облысындағы мамндарға деген сұранысты қамтамассыз ету үшін геоэколог, инженер-эколог мамандарын дайындау.
Кафедра меңгерушілері болғандар:
- Профессор А.В. Чигаркин (1995-2001),
- Профессор Ж.Д. Достай (2002-2005).
2005 жылдан соң университеттің биология факультетіндегі «Экология» мамандығы «Геоэкология және табиғи орта мониторингі» кафедрасына беріліп, физикалық география кафедрасымен қайта біріктіріліп, кафедра аты «Физикалық география және геоэкология» деп аталына басталды.
Геоморфология кафедрасы 1974 жылы физикалық география кафедрасының негізінде осы кафедраның меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, ҚР ғылымына еңбегі сіңген ғалым, г.ғ.д., профессор М.Ж.Жандаев құрған. Профессор М.Ж.Жандаев Қазақстанда ең алғаш геоморфология кафедрасының негізін қалаушы ретінде бірінші меңгерушісі болып тағайындалды (1974 -1988).
Геоморфология мамандығын жоғарғы дәрежеде дайындауға жұмысқа ерекше қабілетті, білікті, бір бағытта ойлайтын, пікірлес мамандар ұжымы құрылды. Тәжірибелі (доценттер Стариков К.З., Колодько В.Д., Нысанов А.М., Богомяков Ю.А., Срайылов Т.Д., Құсайынов С. А., Веселова Л. К., Н.Сеитов және т.б.) оқытушылармен қатар, Москва мектебінің оқытушылары (г.ғ.к. Сливкин В.В., г.ғ.к Бексеитова Р. Т., г.ғ.к. Шмарова И. Н., г.ғ.к. Керимбай Н.Н. және қазақ тілді оқытушылары (г.ғ.д., проф. Медеу А.Р., г.ғ.к., доцент Куанышбаев С.Б., г.ғ.к., доцент Көшімова А. Г.) шақырылған.
Әр жылдары кафедраны басқарғандар:
- доцент Веселова Л.К. (1988-2000 гг.);
- профессор Медеу А.Р. (2000 – 2001гг.);
- доцент Куанышбаев С.Б. (2002-2004 гг.);
- доцент Бексеитова Р. Т. (2004-2008 гг.);
- доцент Н.Н.Керимбай (2008-2011 гг.).
Осы үш ірі кафедра базасында 2011 жылы география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі г.ғ.д., профессор Г.Н. Нүсіпова.