Биология және биотехнология факультеті
Биология және биотехнология факультеті – республикадағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі. Биология және биотехнология факультетінің биолог мамандар даярлаудан 90 жылдық тәжірибесі бар. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың білім бағдарламаларын дайындауға, студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады. Факультет түлектері ҚР ғылыми-зерттеу институттарында; биология, биотехнология, ауыл шаруашылығы, экология салаларында; фармакология және криминалистика салаларында; генетика, молекулалық биология салаларында; гендік инженерия саласында; медициналық орталықтарда; білім беру орталықтарында; білім беру мекемелерінде білікті мамандар ретінде қызмет атқарады.
Декан
Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы, б.ғ.д., профессор, Meruyert.Kurmanbayeva@kaznu.edu.kz
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 6, 209-деканат
Факультет
Құрметті достар!
Біз сіздерге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетіне қош келдіңіздер дейміз!
Биология және биотехнология факультеті 1934 жылы Қазақ мемлекеттік унивверситеті ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды даярлау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес, биология және биотехнология факультеті деп аталады.
Біздің факультет – 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды даярлау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес, биология және биотехнология факультеті деп аталады. Бүгінде бұл факультет ірі оқу-ғылыми орталығына айналған, оның екі ҒЗИ-ында студенттер мен оқытушылар биология және биотехнология мәселелері, экология мәселелері, сонымен қатар заманауи биология, биотехнология, биомедицина, балық шаруашылығы бағыты бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.
Факультет құрамында төрт кафедра бар:
- биоалуантүрлілік және биоресурстар;
- биотехнология;
- молекулалық биология және генетика;
- биофизика, биомедицина және нейроғылымдар;
сондай-ақ биоклиника және агробиостанция.
Факультеттің ерекше бөлімі – Биология музейінде бірегей зерттеу объектісіне жататын массалық, эндемик, сирек түрлердің 5000-нан астам нұсқадан тұратын қоры бар.
Қазіргі уақытта биология және биотехнология факультетінде 1500-ден астам студент, магистрант және PhD докторант білім алады. "Биолог", "биотехнолог", "балық өсіруші" мамандарын даярлауға жоғары маманданған оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер ұжымы қатысады. Магистранттар мен PhD докторанттар әлемдік жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда тәжірибе жинақтайды.
Жұмыс берушілер мен ҚР Ұлттық ғылым академиясы институттарының ірі ғалымдары мен жетекші мамандары студенттердің білім алуына өз үлестерін қосуда. Факультет 1934 жылдан бері әртүрлі биологиялық ғылым саласы бойынша 15 мыңнан астам мамандарды дайындады, олар ғылыми-зерттеу орталықтарында, өндірісте, республикамыздың орта және жоғары оқу орындарында, алыс және жақын шетелдік білім беру мекемелері – Гарвард, Техас, Вирджиния, АҚШ, Франция, Канада, Ұлыбритания, Германия, Ресей университеттерінде қызмет атқарады. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың оқу жоспарларын құруға, студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады.
Факультет оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі үшін әлемдік алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды, ал ол оқу нәтижесі екі дипломдық бағдарлама бойынша, яғни студенттерге ҚазҰУ және шетел университеттерінің дипломын алып шығуға үлкен мүмкіндік береді. Факультеттің оқытушылары мен студенттері әрдайым шет тілі бойынша білімдерін жақсартуда. Факультетте мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытатын топтар құрылды. Жыл сайын факультетте 30-дан астам шетелдік университеттің ғалымдары биология және биотехнологияның заманауи бағыттары бойынша дәрістер оқиды және шеберлік сыныптарын жүргізеді.
Біздің барлық студенттеріміз ғылыми жұмыспен айналысады және студенттер осы жұмыстары үшін төлемақы алады. Студенттерге ғылыми мәлімдемелерімен шетелде ғылыми конференцияларға, халықаралық олимпиадаларға барып қатысуға жағдай жасалған.
Құрметті талапкер! Егер де сіз сапалы білім алғыңыз келсе әрі заманауи мамандықтардың иесі болуды қаласаңыз, мансаптық өсу сатысының әрдайым жоғарылауын қамтамасыз еткіңіз келсе, біз сізді сапалы білім мен ғылыми зерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалған биология және биотехнология факультетінде күтеміз.
Қызықты да керемет оқиғаларға толы студенттік жылдарға қош келдіңіздер!
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Бағдарлама биология саласында практикалық дағдылары, құзыреттілігі бар, ғылыми-зерттеу, табиғатты қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да мекемелерде жұмыс істеуге қабілетті жаратылыстану бакалаврын қалыптастыруға бағытталған.
Биология, медицина, биотехнология және т.б. саладағы ғылыми ізденістегі заманауи әдістерді және құралдарды қолдана алатын, жоғарғы білікті мамандарды дайындау
Ғылыми-зерттеу және диагностикалық мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін биотехнологияның қазіргі жағдайын, проблемалары мен даму перспективаларын бағалауға қабілетті, қоғамның биотехнологиялық өнімге қажеттілігін анықтап, биотехнология саласындағы кәсіби мәселелерді шешу, кәсіби тілде өндірістік міндеттерді тұжырымдау және заманауи технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыра алатын мамандарды сапалы дайындау
- микробиология саласындағы кәсіби мәселелерді шешу, зертханалық және өндірістік жағдайларда микроорганизмдерді идентификациялау; - әр түрлі өндірістің зиянкестер-микроорганизмдерін сипаттау және олармен күресу әдістерін пайдалану; - жұмыс үшін қажетті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; - микробиологиялық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, эксперименталды жұмысты жоспарлау; - жеке білім траекториясын құру.
Бағдарлама жалпы және молекулярлық генетика саласындағы теориялық білімдерімен, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларымен бәсекеге қабілетті; биология, биомедицина, биотехнология, экология, криминалистика, гендік қорды сақтау және генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - негізгі кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және ғылыми-зерттеу мекемелері, өндірістік кәсіпорындар үшін жоғары сапалы мамандар даярлау. Бұл мамандар аспаптар мен жабдықтар жасауға, пәнаралық білімге негізделген жаңа процедураларды жасауға, жаңа мәселелерді шешуге арналған жаңа ақпарат алуға бағытталған зерттеулерге қатысады. Білім беру бағдарламасын іске асыру келесі қабілеттерге ие маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: - негізгі биологиялық макромолекулалардың құрылымын, биотехнологиялық процестерді білу негізінде биологиялық инженерия саласындағы кәсіби мәселелерді шешу; - ықтималдық пен статистиканың негізгі ұғымдарын; статистикалық әдістер мен биоинженерия мәліметтеріне байланысты ықтималдылықты бөлу сызбаларын қолдану; - диагностикалық, профилактикалық және емдік медициналық және ветеринариялық препараттарды жасауға бағытталған перспективті және инновациялық биомедициналық технологияларды жасау; - суреттерді өңдеудің негізгі технологияларын қолдану, диагностикалық және визуальды өлшеу жүйелерін жобалау және талдау; - жеке білім алу траекториясын қалыптастыру.
ББ мақсаты: Бағдарлама акваөсіру және балық аулау саласында теориялық білімі бар бәсекеге қабілетті, білікті, құзыретті мамандарды және далалық және зертханалық жағдайларда балық шаруашылығы зерттеулерін орындаудың практикалық дағдыларын дайындауға бағытталған; акваөсіру, гидробиология, ихтиология, балық аулау, Тұщы су балық шаруашылығы саласында және балық аулау және өнеркәсіптік балық аулау бойынша маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа да салаларында қойылған практикалық міндеттерді орындауға қабілетті.
Нейроғылым саласындағы бәсекеге қабілетті, өздерінің кәсіби қызметінде моральдық-этикалық қағидаларды басшылыққа алатын және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерге ие болатын; қауіпсіз және жасанды интеллекттің тиімді технологияларын дамыту барысында ғылыми-зерттеулер мен қолданбалы жұмыстарды жүргізуде пәнаралық нейроғылымдық тәсілдер тұрғысынан нейроғылымның заманауи тұжырымдамалары мен әдістерінің негізінде ғылыми, медициналық және әлеуметтік-өндірістік салалардағы, мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдардағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын; қалыпты және патология жағдайларында мидың қызметін зерттеу кезінде диагностикалық алгоритмдер жасайтын, ұйымдарға арналған нейро-тренингтерді жоспарлауға және өткізуге, нейроғылымдағы тиімді стратегияларды анықтауға қабілетті мамандарды даярлау.
"6В08402 - Аквакультура және су биологиялық ресурстары" бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы нарыққа бағдарланған, аквакультура мен су биоресурстары саласының тарихы мен қазіргі жай-күйін терең теориялық және практикалық білетін, аквакультура объектілерін сақтау, қорғау, өсімін молайту және культивациялау жөніндегі инновациялық технологиялар әдістерін меңгерген, өзінің кәсіби қызметі саласында өндірістік және практикалық міндеттерді орындауға бәсекеге қабілетті, білікті, құзыретті мамандарды даярлау болып табылады.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Білім беру саласында оқытушы және оқу-ғылым орталықтарында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс жасау мақсатында биология, психология және педагогика бойынша жүйелі білімді меңгерген, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарының қазіргі жетістіктері туралы тұтас түсінігі қалыптасқан жоғары білікті мамандар дайындау.
Теориялық, практикалық, эксперименттік биология және медицина саласында жүйеленген білімі бар, ғылыми жобаларды өз бетінше генерациялай және жүзеге асыра алатын, сонымен қатар, сабақтас ғылыми салалардың білімін өз ғылыми зерттеулерінің мән-мәтініне кіріктіре алатын ғылыми және білім беру қызметі үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.
Бағдарлама бәсекеге қабілетті, білікті жас маманның тұлғасын қалыптастыруға, жоғары деңгейдегі ойлау қабілетін асыруға, ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілеттін арттыруға; кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалануға; өндіріс ресурстарын пайдалану жөніндегі ақпаратты жүйелеуге және сипаттауға; биотехнологиялық өнімнің сапа менеджменті жүйесін казақстандық және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес іске асыруға; биотехнологиялық, экологиялық, ауыл шаруашылығы және фармацевтика өнеркәсібінде жұмыс істеуге лайықтауға, кәсіби мәдениет деңгейіне жоғары үлкен жауапкершілікпен қарауға, болашақ позицияларға оңтайлы дайындалуға, ғылым мен өндірістің заманауи міндеттерін шешуге және өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сынауға, бағалауға, артықшылықтарды дамыту мен кемшіліктерді жою жолдарын анықтауға және олардың құралдарын таңдауға арналған қабілеттіліктерге бағытталған.
Бағдарлама жалпы және молекулярлық генетика саласындағы теориялық білімдерімен, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларымен бәсекеге қабілетті; биология, биомедицина, биотехнология, экология, палеонтология және генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған.
Кәсіби және кәсіби-мамандандырылған құзыреттілік жүйесі бар, геоботаника саласындағы теориялық және практикалық мәселелерде бағдарлануға қабілетті, жер шарының барлық аумағы мен акваториясында, кеңістігінде, уақытта өсімдіктердің таралу заңдылықтарын зерттейтін бәсекеге қабілетті маман даярлау
Бағдарлама кәсіби және жеке құзыреттілікке, зерттеу және аналитикалық дағдыларға ие жоғары білікті биолог-мамандарды даярлауға бағытталған. Жалпы биология, экология, биомедицина, биотехнология салаларында ғылыми-зерттеу, экологиялық, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық, ауылшаруашылық, білім беру мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда базалық білімдерін тиімді жүзеге асыра алатын, білімдерін және дағдыларын тиімді пайдалана алатын мамандар даярлауға бағытталған.
Ғылыми-зерттеу институттары мен тамақ өндірісі үшін мамандарды сапалы даярлау. Білім беру бағдарламасын іске асыру келесі қабілетті маманның жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: • заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып тағамдық биотехнология саласындағы кәсіби мәселелерді, өндірістік міндеттерді шешу; • ферментативті және микробиологиялық процестерді, гендік инженерия әдістерін тамақ өнімдерінің технологиясында қолдану; • тағамдық комбинаториканың жаңа зерттеу әдістерін қолдана отырып өндірісті бақылау; • тамақ қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын бағалау; шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің сапасына бақылау жүргізу; •
Білім беру бағдарламасының мақсаты – ғылыми-зерттеу мекемелерінде, балық шаруашылығы және аквакультура саласындағы кәсіпорындарда жұмыс істей алатын, дамыған, тілдік құзыреттілігі бар, бәсекеге қабілетті білімі мен дағдысы бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
Жүйке жүйесінің функциялық заңдылықтарын анықтау үшін теориялық және қолданбалы мәселелерді шешуге бағытталған нейроғылымның заманауи әдіснамалық тәсілдеріне негізделген кәсіптік қызметті жүзеге асыратын, кәсіби қызметте моральдық-этикалық нормалар мен принциптерді басшылыққа ала отырып, нейроғылымда әлемдік ғылыми және практикалық тәжірибені шоғырландыруға қабілетті, қоғамның ғылыми -білім беру, әлеуметтік-экономикалық салаларында инновациялық нейротехнологияларды әзірлейтін және енгізетін, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттілікке ие нйроғылым саласындағы магистр-мамандарды даярлау
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Қазіргі жаратылыстану және биологияның негізгі принциптерін түсіндіре алатын, ғылыми ізденістің қазіргі заманғы әдіснамасын және ғылыми заманауи эксперименталдық жабдықтарда жұмыс істеу дағдысын меңгерген; сонымен қатар, диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде алынған білімдерді одан әрі қолдану мақсатында биологияның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелей және түсіндіре алатын; зерттеу объектісі мен затының дұрыс сипаттамасы, әрі биофизиканың перспективалық инновациялық бағыттарын дамытуға арналған проекциясымен әдістемені таңдау негізінде дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын; өзінің және өзге де ғылыми қызметінің қандай да бір өнімінің маңыздылығын бағалау және анықтайтын, ғылыми пікірталастарда олардың жұмыс тілін пайдалана отырып, өзінің ғылыми пікірін дәлелді түрде ұсынатын және қорғайтын; жаңа перспективалы құралдарды жасау мақсатында зерттеудің қазіргі заманғы теориялық және эксперименттік әдістерін игеруге, нәтижелерді практикалық пайдалану және енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысатын биология саласындағы жоғары білікті пәнаралық маманды сапалы даярлау
Бағдарлама биомедицина аумағында жаңа теорияларды қабылдауын қамтамасыз ететін фундаменталды білімді түсіндіруге және қорытындылауға мүмкіндік беретін маманның кәсіптік тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, биомедицина мен жаратылыстану ғылым саласында замануи ғылым-практикалық мәселерді шешуге қабілетті мамандарды дайындау, ЖОО –да ғылыми, басқарушы, педогогикалық қызметті жүргізуге қабілетті мамандар дайындау.
Қазіргі заманғы жаратылыстану мен биофизиканың негізгі принциптерін түсіндіруге қабілетті; қазіргі заманғы ғылыми ізденістің әдіснамасы мен заманауи медико-биологиялық эксперименталды құрылғылармен жұмыс істеуді білетін, биофизика мен биологияның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеуге және интерпретациялауға қабілетті, осы білімді диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде одан әрі қолдану мақсатында және зерттеу объектісін барабар сипаттау негізінде дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға дайын, биофизиканың перспективті инновациялық бағыттарын дамытуға арналған проекциямен әдіснаманы таңдай алатын биофизика саласындағы жоғары білікті пәнаралық маманды сапалы даярлау. Биофизик-маман өзінің және басқа да ғылыми қызметінің қандай да бір өніміне баға береді және оның маңыздылығын анықтай алады, олардың жұмыс тілін пайдалана отырып, ғылыми пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін дәлелді түрде бере алады және қорғай алады; жаңа перспективті құралдарды құру және өз нәтижелерін практикалық пайдалану және енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында зерттеудің қазіргі заманғы теориялық және эксперименттік әдістерін игеруге қатысуға дайын.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: кәсіби білімі тереңдетілген жоғары квалификациялы, бәсекеге қабілетті, кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, заманауи ғылымдағы және өнеркәсіптегі мәселелерді шешуге, жоғарғы оқу орындарында сабақ беруге, биотехнология және шектес салалардағы зерттеулерді сәтті орындауға, сонымен қатар, жеке және мемлекеттік ұйымдарда, кәсіпорындарда, зертханаларда, компаниялар мен институттарда басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті маманды дайындау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік саладағы қажеттіліктерді жоғары квалификацияланған мамандармен, яғни, биотехнология жетістіктерін талдамалы көру қабілетіне, өздігінен шешім қабылдау, қоғамды прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамыту қабілетіне ие биотехнологтармен қамтамасыз ету.
Бағдарлама жалпы және молекулалық генетика, гендік және клеткалық инженерия саласындағы сыни ойлау мен білімі бар маманның тұлғасын қалыптастыруға; әртүрлі кәсіби көздерден алынған генетикалық деректер базасымен жұмыс істей алатын; жүйелі, молекулалық және популяциялық талдау жүргізуге және алынған эксперименттік деректердің статистикалық мәнділік бағасын бере алатын; генетикалық тақырыптар бойынша пікірталасқа қосыла алатын, заманауи генетика мәселесі бойынша ғылыми көзқарастарын дәлелдей алатын; пәнаралық және көп векторлы командада жұмыс істей алатын маманды даярлауға бағытталған.
Докторанттар деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды сақтай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру сапасына қол жеткізу, докторанттарға өздігімен білім алуға, ғылыми және кәсіби жұмыстарын ынталандыру.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - балық шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылым, білім және өндіріс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін өз бетімен орындауға қабілетті, кәсіби және ғылыми құзыреттілігі мен дағдысы бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
Әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттерге ие болатын, нейроғылым мәселелерін жүйелі түсінетін, нейроғылымның аралас салаларында аналитикалық және сараптамалық іс-әрекеттерін жүзеге асыруға дайын болатын, бәсекеге қабілетті зерттеуші ғалымдарды даярлау. Әлемдік нейроғылымның дамуына зор үлес қосатын, халықаралық ғылыми қоғамдастыққа интеграциялауға қабілетті, ғылыми зерттеулерге моральдық-этикалық жауапкершілігі болатын, технологиялық прогресске және қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуына ықпал ететін, өіндік зерттеулер жасауға мүмкіндігі бар мамандарды қалыптастыру.
Іргелі және қолданбалы вирусологиялық зерттеулердің қазіргі заманғы пәнаралық әдіснамасы негізінде ғылыми, білім беру және өндірістік қызметте ақпараттық технологияларды қолданатын,жаһандық еңбек нарығына сәйкес келетін кәсіби құзыреттілікке ие, вирусология саласындағы халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 мекен-жайы бойынша.
Телефон номері : +7 727 221-10-00, +7 727 221-10-10.
Ішкі: 1000
Магистратура және докторантура: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 – Қабылдау комиссиясы
Ішкі: 1000