Жалпыұлттық республикалық газет

2 november, 2010

“Болашақтың ғылымы” халықаралық ынтымақтастықты арттырмақ

Алматыда “Болашақтың ғы­­лымы” атты халықаралық ғы­лы­ми-білім беру конгресі өз жұ­мы­сын аяқтады. Әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ Ұлттық универси­те­тінде өткізілген екі күндік кон­гресс жұмысына Еуропа мен Азия елдерінің жетекші отыз университетінің ректорлары жә­не өзге де белгілі ғалымдар қатысты.

Халықаралық ғылыми конфе­ренцияда Білім және ғылым ми­нистрі Бақытжан Жұмағұлов Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаевтың форумға қатысу­шы­­ларға жолдаған құттықтау ха­тын оқып берді. Онда: “Даму дағдарысынан кейінгі жағдайда ұлттық инновациялық жүйенің ең тиімді өзегі ретінде жетекші білім беру және ғылыми-зерттеу орталықтарының қабілеттілігі ең бірінші орынға шығады. Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту, жетістіктермен және озық технологиялармен алмасудың маңыздылығы одан әрі арта түсуде. Қазақстан әр­алуан елдердің ғалымдарының өза­ра тығыз байланысын, біртұ­тас интеллектуалдық кеңістікті қа­лыптастыруда белсенді жақ­тау­шысы болды және болып қала бе­реді” деп атап айтылған.

Конгрестің күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе – жоғары технологиялар саласындағы ты­ғыз ынтымақтастық төңірегінде өрбіді. Сонымен қатар, иннова­циялық серпінділік мүмкіндіктері де ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Халықаралық деңгей­дегі ғылыми форумның қонақ­тары, шетелдік және отандық ға­лымдар, сондай-ақ ғылымның қа­зіргі бағыттарындағы іргелі зерт­теулердің келешегі және бү­гінгі таңдағы проблемалары жө­нінде де өз ойларын ортаға сал­ды. Ғалымдардың пікірінше, ғы­лыми кадрларды даярлау жүйесін одан әрі жетілдірудің және инно­вациялық белсенділіктің келе­шегімен байланысты іс-шара­лар­ға деген жауапкершілікті арт­ты­рудың қажеттілігі айтпаса да түсінікті.

Шындығында да, халықтың әл-ауқатын жақсарту және эко­номикалық даму тұрақтылығына арналған жоғары технология­лар­ды құру және ғылыми, білім беру бағдарламаларын жетілдіруде білікті де тәжірибесі мол ғалым­дар­дың күш-қуатын біріктіру жаңа табыстарға жол ашатынды­ғы сөзсіз. Бұл орайда, Қазақ­стан­дағы Еуропалық Одақтың өкі­леттігінің басшысы Норберт Жус­теннің пікірі назар аударар­лықтай. Оның тұжырымдау­ын­­ша, кез келген мемлекеттің эко­номикасының қарқынды да­муы ғылыммен тығыз байла­ныс­ты. Ал енді ЮНЕСКО-нің Қа­зақ­стан­дағы кластерлік бюро­сы­ның же­текшісі Сергей Лазаревтің айту­ынша “Алматы қаласында өткен халықаралық ғылыми-бі­лім­ беру форумы әртүрлі дең­гей­дегі ма­мандар мен ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуына қолай­лы жағдай жасады”.

Басқосуда сондай-ақ, Астана­да­ғы білім мен ғылымның жаңа ор­дасы – Назарбаев универси­теті туралы да кеңінен сөз болды. Көпшілікке белгілі, Мемлекет басшысының бастамасымен бой көтерген жаңа үлгідегі жоғары оқу орыны келешекте Орталық Азияда білім мен ғылымның ор­­талығына айналатындығы сөзсіз. Ғалымдар түйіні осы.

Бақыт БАЛҒАРИНА

Other news

22 november, 2024
22 november, 2024
21 november, 2024