Заң факультеті

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы

Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы заң факультетінің екі кафедрасын біріктіру арқылы құрылды: табиғат ресурстары және экологиялық құқық кафедрасы мен инвестициялық және қаржылық құқық кафедрасы. Кафедралардың бірігуі 2010 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректоры Ғ.М. Мұтановтың бұйрығымен болды. Кафедра бакалавриаттың «Құқықтану», «Кеден ісі», «Қаржы құқығы» білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді. Магистратура шеңберінде ғылыми кадрларды даярлау келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі: «Құқықтану», «Кеден ісі», «Қаржы құқығы», «Спорт құқығы», «Экологиялық құқық» сондай-ақ, кафедрада қос диплом бағдарламасы бар: Теңіз және энергетика құқығы (Баку мемлекеттік университеті, Әзірбайжан Республикасы). Кеден, қаржы, экология, табиғат ресурстары, жер құқығы саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу орталығы бола отырып, кафедра зерттеу нәтижелерін экономика мен құқықтың түрлі салаларына табысты енгізеді. Қазіргі уақытта кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы факультеттің ғылыми және білім беру дәстүрлерін жалғастыруда. Олардың қатарында Д. Л. Байдельдинов, Л. К. Еркінбаева, А. Е. Жатқанбаева, Е. Ш. Рахметов, Г. А. Қуаналиева, Р. Ережепқызы, Г. С. Қалиева, Қ. А. Шокенов, Қ. Ж. Қуандықов, Айгаринова, А. К. Джангабулова, А. К. Бердібаева, Б.К.Қалымбек, Қ.М. Қожабек, Б.М.Қонысбай, А.К.Тасболатова, С.Әділғазы, И.К.Кудерин, А.А.Есекеева, Г.К.Шуланбекова, А.Т. Ибрагимов, М.А.Гусев, М.Н.Үмбетов, А.К.Рахметолдина Кафедра қызметінің бағыттары Білім беру бағдарламалары  бакалавриат: 6В04203 - Кеден ісі 6В04204 – Қаржы құқығы 6В04205 - Құқықтану магистратура: - 7М04203 – Спорт құқығы - 7М04212 Теңіз және энергетикалық құқық (Инновациялық БББ, Баку қ. Әзірбайжан) - 7М04214 – Кеден ісі - 7М04216- Қаржы құқығы - 7М04232 – Экологиялық құқық Білім беру бағдарламалары НАОКО, НААР, FIBAA халықаралық аккредиттеу агенттіктерімен аккредиттелген. «Кеден ісі» ББ Дүниежүзілік кеден ұйымымен аккредиттелген. Ұлттық рейтингте НАОКО, НААР және Атамекен БББ рейтингінде жетекші орындарға ие. Ғылыми мектептер: - әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «Нұрлы Жол-Жібек жолы» ғылыми-консалтингтік құқықтық орталығы; - «Экологиялық қауіпсіздік және табиғатты пайдалану» ғылыми-зерттеу орталығы; - Кафедрада «Эколог-құқықтанушы», «Қаржы құқығы», «Кеден құқығы» студенттік ғылыми үйірмелері жұмыс істейді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Кафедраның ОПҚ саны – 29, оның ішінде: ғылыми дәрежелісі - 25, заң ғылымдарының докторы - 4, заң ғылымдарының кандидаты - 9, PhD докторлары -12, ғылыми атағы профессор - 5, ғылыми атағы қауымдастырылған профессор - 7.

Толығырақ
Куаналиева Гульдана Амангелдиевна

заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор

Куаналиева Гульдана Амангелдиевна

Guldana.Kuanalyeva@kaznu.edu.kz

+7 (727) 377-33-36 , вн: 1261

 

 

Кафедра байланыстары

 

Мекен жайы: пр.аль-Фараби, 71 Корпус ГУК-2, 3б
Месторасположение кафедры: 3 этаж, 323, 329 кабинет
Телефоны кафедры: +7 (727) 377-33-36 , вн: 1261, 1254

 

Мы в социальных сетях 

1. Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ресми сайты 

2. Facebook   https://www.facebook.com/rose.kaznu

3. Instagram    https://www.instagram.com/kaftamfinecologlaw/

 

ВЫПОЛНЕНИЕ ДОРОЖНОЙ КАРТЫ Кафедра таможенного, фин

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра тарихы

ҚазҰУ Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы заң факультетінің екі кафедрасы

- Табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасы

- Инвестициялық және қаржылық құқық кафедрасының бірігуі нәтижесінде құрылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректоры Ғ.М. Мұтановтың бұйрығымен 2010 жылдың қыркүйегінде біріктірілді.

     

Аграрлық және экологиялық құқық кафедрасы 1975 жылы құрылып, алғашқыда жер құқығы және табиғатты құқықтық қорғау кафедрасы деп аталды. Кафедра заң факультетінің жеке бөлімшесі ретінде құрылды, осы уақытта кафедра мүшелерінің табиғи ресурстар және жер-құқықтық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулері, колхоз және совхоз құқығы саласындағы алғашқы ізденістері жүргізіле бастады. 90-жылдардың аяғы мен жаңа ғасырдың басы кафедраның шығармашылық күштерінің жаңа өрлеуімен сипатталады. Кафедра негізгі экологиялық және аграрлық заңдарды әзірлеуге белсенді қатысты. Оларға Жер, Су және Орман кодекстерінің жобалары, «Ауыл, село және АӨК дамытудың басымдығы туралы», «Жер реформасы туралы», «Жер салығы туралы» заңдар және басқалар жатады.  90-жылдардың аяғынан бастап кафедра табиғат ресурстары және экологиялық құқық кафедрасы деп аталды. Бұл кезең оқу процесіне оқытудың жаңа технологиялары мен әдістері белсенді енгізілуімен ерекшеленеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы: Байсалов С.Б., Стамкулов А.С., Культелеев С.Т., Ильяшенко Л.В., Бектурганов А.Е., Байдельдинов Д.Л., Еркинбаева Л.К., Елюбаев Ж.С., Абдраимов Б.Ж., Хаджиев А.А., Тюлеубекова С.Ш., Рахметов Е.Ш., Сулейменова С.Ж., Баимбетов Н.С., Мухитдинов Н.Н., Айгаринова Г.Т., Ережепкызы Р., Джангабулова А.К., Акшатаева Ж.Б., Лаптева Н.Г., Есекеева А.А., Битабарова Ж.А. және басқалар.

 

 

 

 

 

Шайбеков Кималхан Асамбекович - кафедраның бірінші меңгерушісі (1975-1977 жж.), заң ғылымдарының докторы, профессор, ауыл шаруашылығы құқығы, еңбек құқығы саласындағы көрнекті ғалым-мамандардың бірі.

 

Байсалов Сагиндык Байсалович - кафедра меңгерушісі (1977-1997 жж.), Қазақ КСР еңбек сіңірген заңгері, қоғамдық және география ғылымдары саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, жоғары мектептің үздігі, заң ғылымдарының докторы, профессор.

 

 

Байдельдинов Даулет Лаикович - кафедра меңгерушісі (1997-2002 жж.), заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Қазақстан мен ТМД бірқатар қоғамдық ұйымдары мен заңгерлер бірлестіктерінің мүшесі, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің бірқатар жобаларын әзірлеуші, бірқатар үкіметтік наградалардың иегері.

 

Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева - кафедра меңгерушісі (2002-2011 жж.), заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің бірқатар жобаларын әзірлеуші, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ сарапшысы, ҚР заңнамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасының сарапшысы.

 

 

 

 

 

Жер құқығы және табиғатты құқықтық қорғау кафедрасы

 

Аграрлық және экологиялық құқық кафедрасы

 

Табиғат ресурстары және экологиялық құқық кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Мухитдинов Нажметдин Баукеевич (1940-2005 жж.) - заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, ҚР ҰҒА қоғамдық ғылымдар саласындағы бірінші дәрежелі Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, тау-кен құқығының негізін қалаушы.1983 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инвестициялық және қаржылық құқық кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Шокенов Канат Аманкелдинович - 2005-2006 гг. кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Рахметов Есиль Шарипбаевич - 2006-2010 гг. кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

 

 

 

Инвестициялық және қаржылық құқық кафедрасы

Инвестициялық және қаржылық құқық кафедрасы

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

Академическая Политика КазНУ

22 мб, pdf

ТКжЭ кафедра туралы ереже

22 мб, pdf

Position of the Department of Technology and Economics of Law

22 мб, pdf

Академ календарь 2023-2024 рус

22 мб, pdf

Правила по ДОТ КазНУ имени аль-Фараби ru

22 мб, pdf

Сапаны қамтамасыз ету саясаты

22 мб, pdf

Академиялық адалдық саясаты

22 мб, pdf

Аккредиттеу

22 мб, pdf