Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дінтану», «Мәдениеттану» және «Исламтану» мамандықтары бойынша кадрлар дайындаушы орталық болып табылады.
Кафедра тарихы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің тарихы және Қазақстан мен Орталық Азияда философияның пайда болуымен тығыз байланысты. Кафедраның қызметкерлері мен түлектері қазақстандық философиялық ой қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасында пәндерді оқыту білім алушының таңдауы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Білім беру бағдарламалары бакалавриат, магистратура және PhD докторантура.
Кафедра қабырғасында келесі көрсетілген мамандықтар бойынша білім алу мүмкіндіктері берілген:
6B02203-Дінтану. 7M02203-Дінтану. 7M02204-Конфликтологиядағы діни бірегейлік, 8D02203-Дінтану. Дінтанушының ҰҚК және ІІМ Аналитикалық қызметтер органдары, мемлекеттік басқару, ішкі саясат бөлімдері, ғылыми-зерттеу және аналитикалық орталықтары, дін істері жөніндегі бөлімдерінде жұмыс істей алады
6B02202- Исламтану. 7M02205-Исламтану, 7М02206-Ислам философиясы, 8D02204 –Исламтану - Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, «халал» стандарттау комитеті, қмдб қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында, дін істері комитетінде жұмыс істей алады
6B03102-Мәдениеттану. 7M03106 –Мәдениеттану, 7М03104- Мәдениеттану (СУ, Болгария;қос дипломдық), 7М03102-Мәдениеттану ББ, 7М03105-Мәдени антропология, 7М03127-Мәдениеттегі жобалық қызмет, 8D03102-Мәдениеттану-Мектеп, колледж, лицей секілді жалпы және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының мәдениеттану оқытушысы. Ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органының арнайы құрылым қызметкері, референт, сараптамашы. Белгілі бір ұйымның мәдени-ағартушылық қызметкері, БАҚ жүйесінде мәдениет саласы бойынша шолушы. Мәдени құндылықтарды бағалау сараптамашысы, мәдени жұмыстар аймағының кеңесшісі. Имиджеолог, қоғамдық байланыстар маманы, мәдени саясат жөніндегі маман және т.б. лауазымдарда жұмыс істей алады.
Толығырақ