Химия және химиялық технологиялар

Химиялық физика және материалтану кафедрасы

Химиялық физика және материалтану кафедрасы химиялық кинетика және жану кафедрасының негізінде құрылған, кафедраның ұзақ тарихы бар және факультеттегі ең жас кафедралардың бірі болып табылады. Кафедраның ғылыми-білім беру қызметі химиялық физика және жану процестері саласындағы зерттеулер, жаңа материалдар алу, графендер мен графен тәрізді құрылымдарды алу, 3D принтинг, электроспиннинг, мұнай химиясы, өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез, плазмахимия, жоғары энергиялы материалдар саласындағы зерттеулер сияқты перспективалы салалармен байланысты. Кафедра келесі бағыттар бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураның барлық 3 деңгейі бойынша мамандарды дайындайды: 6В05302 – Наноматериалдар және нанохимия; 7M07122 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар; 8D07113 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар; 7М05320 – Химиялық физика; 7М07104 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы; 8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы. Кафедрада Ресейдің Халықтар Достықтар университеті және Ұлттық зерттеу ядролық университеті «МИФИ» сияқты Ресейдің жетекші университеттерімен қос дипломдық білім беру бағдарламалары бар.

Толығырақ
ТӨЛЕПОВ МАРАТ ІЗТЛЕУҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі

ТӨЛЕПОВ МАРАТ ІЗТЛЕУҰЛЫ

Кафедра байланыстары

Кафедра тарихы

Жану процесінің негізін Г.И. Ксандопуло және оның қызметкерлері зерттеген. Зерттеу барысында тек қана химиктер емес, сонымен қатар физиктер мен математиктерде атсалысқан. Бастапқы зерттеу жұмыстары физикалық химия кафедрасында жүргізілді. Г.И. Ксандопуло және оның қызметкерлері жеткен жетістіктері 1979 жылы ҚазМУ химия факультетінде химиялық кинетика және жану кафедрасын ашуға үлкен үлесін тигізді және 1997 жылы химиялық физика кафедрасы болып аты ауыстырылды.

Химиялық физиканың шешетін мәселелерінің шеңбері профессор З.А. Мансұровтың жетекшілігімен кеңейтілді, 1997 жылы профессор З.А. Мансұров кафедра меңгерушісі болып тағайындалған.

Қазіргі уақытта химиялық физика және материалтану кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., доцент Тулепов М.И.

Гранттық және шетелдік жобалар

"Материалтану және перспективті материалдар технологиясы" пәні бойынша PhD М. Әуелханқызының дәрістер курсы
"Өсімдік шикізаттары негізіндегі көміртекті наноқұрылымды материалдар" пәні бойынша PhD М. Әуелханқызының дәрістер курсы
"Наноматериалдарды алу әдістері" пәні бойынша PhD М. Әуелханқызының дәрістер курсы
"Қорғаныс өнеркәсібі және төтенше жағдай қызметіндегі пиротехникалық бұйымдар" пәні бойынша М.Қ. Атамановтың дәрістер курсы
"3D принтингте наноматериалдар және нанотехнологиялар қолдануы" пәні бойынша М.Қ. Атамановтың дәрістер курсы
х.ғ.к. А.Р. Керімқұлованың "наноматериалдар химиясы" пәні бойынша дәрістер курсы
х.ғ.к. А.Р. Керімқұлованың "Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды зерттеудің эксперименттік әдістері" пәні бойынша дәрістер курсы
х.ғ.к. А.Р. Керімқұлованың "Наноматериалдарды талдаудың заманауи әдістері" пәні бойынша дәрістер курсы