Медицина және денсаулық сақтау факультеті

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Оқыту үрдісі профессорлық-оқытушы құрамымен жүргізіледі, оның ішінде профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттары, еңбегі сіңген жаттықтырушылар, спорт шеберлері және спорт шеберінің кандидаттары. "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жалпыпедагогикалық, жалпыкәсіби және арнайы кәсіби дайындауды келесі кафедралар қамтамасыз етеді:дене шынықтыру және спорт, эпидемиология және гигиена (Медицина факультеті- Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі); биотехнология, биофизика және биомедицина (биология және биотехнология кафедрасы); сонымен қатар педагогика және оқыту менеджменті, жалпы және қолданбалы психология (философия және саясаттану факультеті) кафедралары.

Толығырақ
Мадиева Галия Баянжановна

Кафедра меңгерушісі

Мадиева Галия Баянжановна

Кафедра байланыстары

Кафедра тарихы

        Кафедраның миссиясы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін және ұлт денсаулығын арттыруға қабілетті дене шынықтыру және спорт саласында сұранысқа ие мамандарды жоғары сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
        Кафедраның стратегиялық міндеттері:
1. Кафедра түлектерінің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру
2. Университет стратегиясындағы мәселелерді шешуде кафедраның үлесін арттыру.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы университеттің, қалалық, облыстық деңгейдегі бағдарламалық және нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу.
4. ЖОО студенттері мен оқытушыларын салауатты өмір салты мен бұқаралық спортқа тартуды арттыру.
Студенттердің жалпы саны – 280, оның ішінде: бакалаврлар – 270, магистрлер – 6, докторанттар – 4. Белсенді студент-спортшылар саны – 175, оның ішінде еңбек сіңірген спорт шеберлері – 2, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – 19 , спорт шеберлері – 75, спорт шеберлігіне үміткерлер – 79.
«6В01401-Дене шынықтыру және спорт» оқу бағдарламасы бойынша Қытай, Түркіменстан және Өзбекстаннан келген шетелдік студенттер білім алуда.
Кафедра өз қызметіде әл-Фараби атындагы ҚазҰУ-дің Академиялық саясатымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен басшылық етеді.Білім беру бағдарламалары ACQUIN халықаралық агенттігімен аккредиттелген.
                   

Кафедраның мекен-жайы; әл-Фараби даңғ., 71, спорттық кешен

Телефон; 8(727) 2211370, іш: 13-70

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы тарихы әскери-дене дайындығы кафедрасының базасында 1934 жылдың қаңтар айынан басталады. 1948 жылы жеке дара жалпыуниверситеттік дене шынықтыру және спорт кафедрасы құрылды, негізгі мақсаты – студенттердің күнделікті өміріне, оқуына, еңбегіне қажетті салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру, денсаулығын қалпына келтіру және шынықтыру, функционалды жағдайын жақсарту, кәсіби-қолданбалы дағдыларын меңгеру.

Университетте Дене шынықтыру кадрларының дайындау 2005-2015 жылдары аралығында биология және биотехнология факультетінің базасында дене шынықтыру және спорт кафедрасымен жасалған, ал 2016 жылдың қаңтар айынан бастап медицина факультеті – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінде жүзеге асыруылда. 1990 жылдан бастап 2016 жылдың ақпан айына дейін кафедраның меңгерушісі профессор, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Арещенко А.И., болған, 2016 жылдан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін экономика ғылымдарының кандидаты Дилмаханбетов Е.К., кафедра меңгеруші қызметін атқарған, 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты Искакова А.Д. атқаруда.

Гранттық және шетелдік жобалар