География және табиғатты пайдалану факультеті

Картография және геоинфоматика

Қазіргі уақытта кафедра «6B07301– Геодезия және картография» және «6B07302 – Геоинформатика» мамандығы бойынша бакалаврларды, «7М07301 – Геодезия», «7М07302 – Геоинформатика», «7М07303– Картография», «7М07306 – Геоинформатика» (екідипломды бағдарлама), «7M05210 – Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандықтары бойынша магистрлерді, «8D07301 – Геодезия», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография» және «8D05206 – Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығы бойынша докторанттарды дайындайды. Бұл мамандықтар бойынша кафедрада 429 студент қазақ және орыс бөлімдерінде білім алып жүр. Кафедрада оқу лабораториялары, геоинформаициялық картографиялау ғылыми-зерттеу лабораториясы, ГАЖ технологиялары және ЖАЗ орталығы бар, сонымен қатар кафедраның жас ғалымдарына арналған ГАЖ Орталығы және ҚазҰУ-нің аймағында орналасқан оқу геодезиялық полигоны қызмет көрсетеді. Қазіргі заманның талабына сәйкес оқу үдерісіне инновациялық технологияларын енгізу мақсатында кафедраның оқу лабораториялары, жоспар бойынша сандық және электронды геодезиялық аспаптармен, ғаламдық навигациялық ғарыштық жүйелер аспаптарымен, кеңістіктегі мәліметтерді өңдеуде бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта кафедра картография, геодезиря салаларындағы сандық және тақырыптық картографиядағы теориялық, қолданбалы мәселелер зерттеліп, өңделуде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықшаруашылық саласындағы басқаруларда геоинформациялық жүйелерді пайдалану қарастырылуда. Кафедраның ғылыми-техникалық және әдістемелік базасы қазіргі уақытта жоғарғы және білікті білім беру орындарында қызмет істейтіндерге, сонымен қатар геодезия, картография және геоинформатика саласында қызмет ететін өндіріс қызметкерлеріне арналған біліктілік деңгейін көтеру курстарын ашуға толықтай мүмкіншілігі бар.

Толығырақ
Асылбекова Айжан Асылбековна

Кафедра меңгерушісі

Асылбекова Айжан Асылбековна

Кафедра байланыстары

Кафедра тарихы

Картография және геоинформатика кафедрасының қалыптасуы мен дамуы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің геоморфологиялық ғылыми мектебімен тығыз байланысты. Кафедраның негізін құрған, аты аңызға айналған геоморфолог, геолог, географ және картограф ғалым Мұқатай Жандаевич Жандаев.

Кафедра 2002-2011 жылдары геоморфология және картография кафедрасы, 2011 жылдан бастап картография және геоинформатика кафедрасы болып аталды. 

Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып мына профессорлар қызмет жасады:

Қуанышбаев С.Б. (2002-2004 жж.);

Бексеитова Р. Т. (2004-2008 жж.);

Керімбай Н.Н. (2008-2012 жж.);

Касымканова Х.М. (2012 – 2020 жж).

2020 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін кафедраның меңгерушісі PhD, доцент м.а. Асылбекова Айжан Асылбекқызы.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

СТУДЕНТТІҢ ЖОЛ КӨРСЕТКІШІ

22 мб, pdf

ПУТЕВОДИТЕЛЬ СТУДЕНТА

22 мб, pdf