Механика-математика

Математика

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың математика кафедрасы Қазақстандағы математика саласындағы бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды дайындаудың шеберханасы болып табылады. Математик – тек ғылым мен техниканың шеңберінде ғана емес, адам қызметінің барлық саласында болуы мүмкін болашақ оқиғалар мен құбылыстарды мүмкіндігінше дәл болжайтын, логикалық және жүйелі ойлайтын маман. Университетте алған іргелі математикалық білімнің арқасында түлектеріміз өмірдің кез келген саласында өз орындарын тауып, басқа мамандықтарға тез бейімделіп, ғылымның кез келген саласына тез үйреніп кете алады.

Толығырақ
Иманбердиев Қанжарбек Балтабайұлы

ф.-м.ғ.к., аға оқытушы

Иманбердиев Қанжарбек Балтабайұлы

Кафедра байланыстары

Кафедраның мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 71

Механика-математика факультеті, корпус № 13

Кабинет: 418

Кафедра телефоны: 8(727) 221-15-73

Кафедра тарихы

    "Математика" кафедрасы 2020 жылы университетте бұрыннан бар "Іргелі математика", "Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориялары" сияқты кафедралардың негізінде құрылды.

    Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасы факультеттің жетекші екі кафедрасының, яғни дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика теңдеулері кафедрасы мен басқару теориясы кафедраларының бірігуімен 2011 жылдың қыркүйегінде құрылды.

    Іргелі математика кафедрасы университет Кеңесінің 31 қазан 1989 ж (хаттама №2) шешімі және ҚазМУ-дің ректорының 05.12.1989 ж. №206 Бұйрығымен «Функционалдық анализ және ықтималдықтар теориясы» деген атпен ұйымдастырылған. Бұл шешімнің алдында Қазақ ССР Ғылым Академиясы Президумының С.М. Киров атындағы Казақ мемлекеттік университетінің математика факультеті негізінде ықтималдықтар теориясы саласынан мамандар дайындаудың аса қажеттігі жөнінде шешімі шыққан болатын. Кафедра құрылған кезде кафедрада штат бойынша 8 профессор - оқытушы болды. Олар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.Ш.Кальменов, ф.-м.ғ.к., доценттер А.А.Беделбаев, Н.Қ.Аренбаев, ф.-м.ғ.к., аға оқытушылар Н.Ақанбаев, Л.В. Хан, ф.-м.ғ.к., ассистент Д.Н.Тұрмұханбетов, ал 1 доцент, 1 аға оқытушының орны бос болды.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

Модуль нұсқаулығы ББ 8D05404 - Іргелі және қолданбалы математика

22 мб, pdf

8D05404 - Іргелі және қолданбалы математика ББ ОҚУ ЖОСПАРЫ

22 мб, pdf

ТЕОРИЯЛЫҚ ОҚЫТУ/ БАЗАЛЫҚ ПӘНДЕР/ ТАҢДАУ КОМПОНЕНТІ

22 мб, pdf