Филология факультеті

қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

Кафедраның миссиясы: озық білім алуды және таратуды қамтамасыз ету; қазақ әдебиеті тарихы, әдебиет теориясы, әдеби сын, фольклортану, риторика, әдебиеттану әдіснамасы саласында заманауи ақпараттық, коммуникациялық және цифрлық технологияларды, шет тілдерін меңгерген, шетелде отандық әдебиет пен мәдениетті насихаттайтын отандық және әлемдік еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті және ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізе алатын жоғары білікті және құзыретті мамандарды даярлау. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы келесі бағыттар бойынша мамандар даярлайды: 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті; 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті; 8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті; 6В02306 – Әдебиеттану; 7М02309 – Әдебиеттану; 8D02304 – Әдебиеттану; 6В02305 – Қазақ филологиясы; 7М02313 – Қазақ филологиясы; 8D02307 – Қазақ филологиясы. «Әдебиеттану» бағыты бойынша мамандарды қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп даярлайды.

Толығырақ
Темірболат Алуа Берікбайқызы

Кафедра меңгерушісі

Темірболат Алуа Берікбайқызы

 +7(727) 377-33-39

Alua.Temirbolat@kaznu.kz 

Кафедра байланыстары

 Алматы, Әл-Фараби даңғылы 71, Корпус ГУК  1,  каб. 323.

 +7 (727) 377-33-34, ( ішкі13-30)

Әлеуметтік желілер: 

Instagram: https://instagram.com/teoriialiteratury?utm_medium=copy_link

Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024888580977 

Кафедра тарихы

Қазақ әдебиеті кафедрасы 1940 жылы құрылған. Оны ұйымдастыру мен қалыптастыруда қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы М.О. Әуезовтің сіңірген еңбегі шексіз.

Кафедраның тұңғыш меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Б.К. Кенжебаев болды. Қазақ әдебиеті тарихының жалпы курсын қалыптастыруда әдебиеттану ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері: академиктер Ә.Х. Марғұлан, З.Қ. Қабдолов, З.А. Ахметов, Р. Нұрғали профессор Т. Нұртазин, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, профессор Е.С. Ысмайылов, профессор М. Ғабдуллин, профессор Т. Кәкішұлы, профессор Б. Шалабаев, профессор Б.Қ. Майтанов, профессор Ж.Д. Дәдебаев, профессор З.-Ғ.Қ. Бисенғали, профессор Ө. Әбдиманұлы еңбектенді. Олар әртүрлі кезеңдерде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушілері, мүшелері болған.

Бүгінгі таңда кафедра Университеттің стратегиялық даму бағыттарына орай 2000 жылы негізі қаланған әдебиет териясы және фольклористика кафедрасымен біріктіріліп, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы деген жаңа атқа ие болды. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрсының меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Темірболат.

Кафедрада 7 ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты, 2 PhD, 5 аға оқытушы, 1 оқытушы қызмет істейді.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

ереже

22 мб, pdf

жол картасы

22 мб, pdf