Биология және биотехнология факультеті

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы – жаңа және перспективалы бағыттар. Олар биология, медицина, физика және нейроғылымдар бағыттарымен байланысқан және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларын дамытудың серпінді бағыттарын дамыта отырып,және жаңа технологиялық тәртіптің мазмұнын анықтау үшін маңызды болып табылады. Нейроғылым көзқарасы саласында аса күрделі динамикалық жүйелерді, соның ішінде нейрон және ми құрылымдарының модельдерін модельдеу технологияларын жасаудың өзекті мәселелері бар. Бұл міндеттердің медицина мен фармацевтика өнеркәсібі үшін де, жасанды интеллект жүйелері үшін де үлкен практикалық маңызы бар. Кафедра келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді белсенді жүргізеді: 6В05108 - Биомедицина 6В05104 - Биофизика 6В05109 - Нейронаука 7М01504 - Биология (научная) 7М05102 - Биомедицина 7М05103 - Биофизика 7М05113 - Нейронаука 8D05102 - Биомедицина 8D05103 - Биофизика 8D05109 - Нейронаука

Толығырақ
Құстыбаева Әлмира Мэлсқызы

Кафедра меңгерушісі

Құстыбаева Әлмира Мэлсқызы

8 (727) 377-33-33 (16-68) 

Кафедра байланыстары

Кафедраның мекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/19, БОҒ-6

Кафедра тарихы

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы – факультеттегі ежелгі кафедраларының бірі. Кафедра 1938 жылы негізделген. Кафедраның бірінші меңгерушісі Н.Н. Павлов болды, кейінгі жылдарда кафедраны меңгергендер – К.Н. Нұрмағамбетов (1938-1942 ж.ж.); медицина ғылымдарының докторы, профессор М.А. Розенберг (1942-1944 жг.ж.); биология ғылымдарының докторы, Қаз ССР БА академигі А.П. Полосухин (1944-1947 ж.ж.); биология ғылымдарының докторы, профессор М.Ф. Авазбакиева (1947-1981 ж.ж.); биология ғылымдарының докторы, профессор Х.Д. Дүйсембин (1981-1990 ж.ж.); биология ғылымдарының докторы, профессор К.С. Рымжанов (1990-1997 ж.ж.); биология ғылымдарының кандидаты, доцент З.А. Асқарова (1997-1999 ж.ж.).

   

   

   Биохимия және биофизика кафедрасы 1973 жылы қаланды, кафедраның меңгерушісі б.ғ.д., профессор В.М.Инюшин болды. 1980-1983 жылдары м.ғ.д., профессор А.Б.Өтешев кафедраның меңгерушісі болса, ал 1984-1999 жылдары В.М.Инюшиннің өзі қайта меңгерді.

Орта, арнайы мектептерге, гимназияларға және лицейлерге биология мұғалімдерін дайындау қажеттілігімен 1989 жылы қазан айында Биологияны оқыту әдістемесі кафедрасы ашылды. Кафедраның меңгерушісі б.ғ.к., ҚазҰУ профессоры Н.Т. Торманов (1989-1996 жж.) болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін кафедраның меңгерушісі Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор, ақпараттық ғылымның халықаралық академиясының академигі.

2020-2021 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, профессор Кустубаева  Альмира Мэлсқызы.

 

Гранттық және шетелдік жобалар

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушыларының ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру жобалары.pdf

Құжаттама

Пәндер каталогы «6B05108 - Биомедицина»

22 мб, pdf

Пәндер каталогы «7М05102- Биомедицина»

22 мб, pdf

Пәндер каталогы «8D05102 - Биомедицина»

22 мб, pdf