Farabi University

Медицина және денсаулық сақтау факультеті

Акушерлік және гинекология кафедрасы

Акушерлік және гинекология кафедрасы Акушерлік және гинекология кафедрасы акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық пәндерді оқытумен «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы аясында бакалавриат студенттерін дайындайды: - Репродуктивті жүйе, жүктілік және босану - Сәбилік, балалық шақ - Акушерлік қызмет негіздері - Гинекология - Сәбилік, балалық, жастық шақ - Педиатрия негіздері - Балалық шақ аурулары. Интернатура бағдарламасына «Акушерлік және гинекология», «Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең патологиясы», «Репродуктология» модульдері кіреді.

Толығырақ
Құрманова Алмагүл Медеубайқызы

медицина және денсаулық сақтау факультетінің акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

Құрманова Алмагүл Медеубайқызы

+77017616106

alm_kurmanova@mail.ru

Кафедра байланыстары

+77017616106

alm_kurmanova@mail.ru

Кафедра тарихы

Кафедраның тарихы

Акушерлік және гинекология кафедрасы 2024 жылдың қыркүйегінде клиникалық пәндер кафедрасының негізінде ұйымдастырылды. Кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Алмагүл Медеубайқызы Құрманова басқарады. Кафедраның профессорлары медицина ғылымдарының докторы, профессор Мамедалиева Нағима Мүсірәліқызы, медицина ғылымдарының кандидаты Аманжолова Балқаш Кериханқызы, медицина ғылымдарының докторы Мырзабекова Гүлшара Төребекқызы. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы саны 35 адам, оның ішінде 9 PhD докторанттары. Кафедра сонымен қатар «Акушерлік және гинекология, ересектер, балалар» білім беру бағдарламасы бойынша резидентурада медицина саласы бойынша мамандарды дайындайды.

Кафедра Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттары, «Болжам» халықаралық жобалары бойынша Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығымен, Айтқожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтымен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді..

Гранттық және шетелдік жобалар