Биология және биотехнология факультеті
Биология және биотехнология факультеті – республикадағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі. Биология және биотехнология факультетінің биолог мамандар даярлаудан 90 жылдық тәжірибесі бар. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың білім бағдарламаларын дайындауға, студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады. Факультет түлектері ҚР ғылыми-зерттеу институттарында; биология, биотехнология, ауыл шаруашылығы, экология салаларында; фармакология және криминалистика салаларында; генетика, молекулалық биология салаларында; гендік инженерия саласында; медициналық орталықтарда; білім беру орталықтарында; білім беру мекемелерінде білікті мамандар ретінде қызмет атқарады.

Декан
Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы, б.ғ.д., профессор, Meruyert.Kurmanbayeva@kaznu.edu.kz
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 6, 209-деканат
Факультет
Құрметті достар!
Біз сіздерге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетіне қош келдіңіздер дейміз!
Биология және биотехнология факультеті 1934 жылы Қазақ мемлекеттік унивверситеті ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды даярлау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес, биология және биотехнология факультеті деп аталады.
Біздің факультет – 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды даярлау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес, биология және биотехнология факультеті деп аталады. Бүгінде бұл факультет ірі оқу-ғылыми орталығына айналған, оның екі ҒЗИ-ында студенттер мен оқытушылар биология және биотехнология мәселелері, экология мәселелері, сонымен қатар заманауи биология, биотехнология, биомедицина, балық шаруашылығы бағыты бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.
Факультет құрамында төрт кафедра бар:
- биоалуантүрлілік және биоресурстар;
- биотехнология;
- молекулалық биология және генетика;
- биофизика, биомедицина және нейроғылымдар;
сондай-ақ биоклиника және агробиостанция.
Факультеттің ерекше бөлімі – Биология музейінде бірегей зерттеу объектісіне жататын массалық, эндемик, сирек түрлердің 5000-нан астам нұсқадан тұратын қоры бар.
Қазіргі уақытта биология және биотехнология факультетінде 1500-ден астам студент, магистрант және PhD докторант білім алады. "Биолог", "биотехнолог", "балық өсіруші" мамандарын даярлауға жоғары маманданған оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер ұжымы қатысады. Магистранттар мен PhD докторанттар әлемдік жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда тәжірибе жинақтайды.
Жұмыс берушілер мен ҚР Ұлттық ғылым академиясы институттарының ірі ғалымдары мен жетекші мамандары студенттердің білім алуына өз үлестерін қосуда. Факультет 1934 жылдан бері әртүрлі биологиялық ғылым саласы бойынша 15 мыңнан астам мамандарды дайындады, олар ғылыми-зерттеу орталықтарында, өндірісте, республикамыздың орта және жоғары оқу орындарында, алыс және жақын шетелдік білім беру мекемелері – Гарвард, Техас, Вирджиния, АҚШ, Франция, Канада, Ұлыбритания, Германия, Ресей университеттерінде қызмет атқарады. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың оқу жоспарларын құруға, студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады.
Факультет оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі үшін әлемдік алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды, ал ол оқу нәтижесі екі дипломдық бағдарлама бойынша, яғни студенттерге ҚазҰУ және шетел университеттерінің дипломын алып шығуға үлкен мүмкіндік береді. Факультеттің оқытушылары мен студенттері әрдайым шет тілі бойынша білімдерін жақсартуда. Факультетте мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытатын топтар құрылды. Жыл сайын факультетте 30-дан астам шетелдік университеттің ғалымдары биология және биотехнологияның заманауи бағыттары бойынша дәрістер оқиды және шеберлік сыныптарын жүргізеді.
Біздің барлық студенттеріміз ғылыми жұмыспен айналысады және студенттер осы жұмыстары үшін төлемақы алады. Студенттерге ғылыми мәлімдемелерімен шетелде ғылыми конференцияларға, халықаралық олимпиадаларға барып қатысуға жағдай жасалған.
Құрметті талапкер! Егер де сіз сапалы білім алғыңыз келсе әрі заманауи мамандықтардың иесі болуды қаласаңыз, мансаптық өсу сатысының әрдайым жоғарылауын қамтамасыз еткіңіз келсе, біз сізді сапалы білім мен ғылыми зерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалған биология және биотехнология факультетінде күтеміз.
Қызықты да керемет оқиғаларға толы студенттік жылдарға қош келдіңіздер!
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 мекен-жайы бойынша.
Телефон номері : +7 727 221-10-00, +7 727 221-10-10.
Ішкі: 1000
Магистратура және докторантура: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 – Қабылдау комиссиясы
Ішкі: 1000